Атқарушы орган

Директорлар кеңесінің 22 қазан 2018 жылғы шешімімен Татаров Игорь Витальевич «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры қызметіне тағайындалды.

Татаров Игорь Витальевич 26 қыркүйек 1965 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 

1985-2002 жылдар аралығында Қарағанды облысының кәсіпорындарында түрлі қызметтерді атқарды. 

2002-2007 жылдары «Энергоцентр» АҚ (Павлодар қ.) Вице-президенті, бірінші Вице-президенті, Президенті болды. 

2007-2008 жылдар аралығында «АксессЭнерго» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

2008 жылдан 2009 жылға дейін — «Солтүстік Қазақстан Энергоорталық» ЖШС Бас директоры.

2009 жылдан 2013 жылға дейін — «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасы.

2013 жылдан 2014 жылға дейін — «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасы.

2013 жылдан «СПМК-4» ЖШС директоры. 

2015 жылдан 2018 жылдың 22 қазанына дейін «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-тің Бас директоры болып келді.

23 қазан 2018 жылдан бастап «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры.

Татаров Игорь Витальевич «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік медальдарымен марапатталған.

2012 жылы ТМД мемлекеттерінің электрэнергетикасының дамуына қосқан үлесі үшін Татаров Игорьге Витальевичке «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» атағы берілді.