Баспасөз орталығы

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, қазіргі заманғы Компания бола отырып, ақпараттық ашықтық саясатын, соның ішінде инвестициялық, өндірістік, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық және т. б. ұстанады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ақпараттық ашықтық саясатының мақсаты Компания қызметтерінің тұтынушыларын, Компания даму стратегиясы туралы акционерлерді және әлеуетті инвесторларды максималды ақпараттандыру болып табылады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ақпараттық ашықтығының негізгі принциптері

Өзара іс-қимыл тиімділігін және электр энергетикасы субъектілерімен, инвесторлармен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мынадай негізгі принциптерді мәлімдейді:

  • перспективалық дамыту саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде ашықтығы;
  • қаржылық есептілік саласындағы ашықтығы;
  • Компанияның инвестициялық даму процесінің ашықтығы;
  • бүкіл мүдделі персоналды «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және оның еншілес қоғамдардың даумы бойынша жоспарланатын іс-шаралар туралы жедел және дәйекті мәліметтермен қамтамасыз ету .

Осыған байланысты тұтынушыларды, акционерлерді және инвесторларды ақпараттандыру негізгі рөлі негізінен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөліміне және корпоративтік сайтына жүктеледі. Осылайша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ сайтында қарастырылған:

  • Компанияның перспективалық дамуымен байланысты тұрақты оқиғалар туралы ақпарат беру;
  • Даму бойынша құжаттар нұсқаларын тиісті мемлекеттік органдар мен ҚР басқа да электр энергетикасы субъектілеріне ұсыну;
  • Компанияның қызметі туралы ақпаратты ҚР электроэнергетика субъектілерінің және атқарушы билігінің жергілікті мемлекеттік органдарының сұранымы бойынша беру.

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің негізгі міндеті — БАҚ-да Компания қызметі туралы барынша толық, жедел, объективті ақпарат ұсынуға жағдай жасау.

Кәсіпорын қызметкерлерін Компаниядағы, аймақтағы, елдегі оқиғалар туралы, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлерінің жетістіктері туралы хабардар ету м ақсатында, сондай-ақ, пайдалы ақпаратпен алмасу мақсатымен, Компанияда айына бір рет шығу кезеңділікпен «Энергетик Северного Казахстана» корпоративтік ғазет шығарылады. Басылым беттерінде ақпараттық-аналитикалық сипаттағы материалдар, Компания оқиғаларының репортаждары, бөлімшелер басшыларымен сұхбаттар, кәсіпорындар қызметкерлері мен сала ардагерлері туралы очерк, энергетика әлемінде болып жатқан оқиғалар және т.б. жарияланады.

Біз журналистерге холдинг қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық материалдар ұсынуға, "СЕВКАЗЭНЕРГО«АҚ басшыларымен және жетекші мамандарымен сұхбаттар мен түсініктемелер ұйымдастыруында кез келген көмек көрсетуге дайынбыз.

БАҚ-на электр энергетикасы саласындағы қызметі туралы сапалы және кәсіби ақпарат беру қажеттілігін сезініп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жұртышылықпен байлныс жөніндегі бөлім бұл мәселелер бойынша анықтамалық ақпарат және түсініктемелер беруге дайын.

Егер Сіз ақпаратты алу мүдделі болсаңыз, Сіз электрондық жазылуды рәсімдей аласыз.

Баспасөз-турларының қатысушылары тізіміне қосылу үшін, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөліміне хабарласыңыз.

Біз әрқашан Сізге көмектесуге және қажетті ақпаратты беруге, сондай-ақ, фото- және бейнематериалдарды ұсынуға қуаныштымыз.

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім

Телефон: +7 (7152) 41-29-39
Факс: +7 (7152) 41-28-28
www.www.sevkazenergo.kz