«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ – жылу және электр энергиясын генерациялау, тасымалдау мен өткізуді жүзеге асыратын компания.
Акционерлік қоғамның негізі – генерациялау көзі – Петропавл 2-ЖЭО. Компанияға тасымалдаушы кәсіпорындар – «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС, сондай-ақ, электр және жылу энергиясын өткізу кәсіпорны – «Севказэнергосбыт» ЖШС кіреді.
Компанияның барлық акциялары «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамының («ОАЭК» АҚ) иелігінде.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, өз қызметкерлері үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына кепіл беретін, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының дамуына оңтайлы үлесін қосатын энергетикалық компания құру болып табылады.
Компания қызметінің тұрақтылығы кредит қабілеттілігінің рейтингін А+ деңгейінде орнатқан (кредит қабілеттілігінің өте жоғары деңгейі) және рейтинг облигациялардың бірінші шығарылымын (НИН – KZ2C0Y10D695) А+ деңгейіне дейін (өте жоғары сенімділік деңгейі) көтерген «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігімен расталған.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметінің тұрақтылығы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігімен расталды. Ол 2016 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-на "B+" деңгейінде шетел валютасында ұзақ мерзімді эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) берді. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам - "тұрақты".
Компанияда корпоративті басқару қағидалары әрекет етеді, бұл қызметінің ашықтығын және басқару шешімдерінің тиімділігін қамтамасыз етеді. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметі бүгінгі және болашақтағы акционерлер, тұтынушылар мен инвесторлар, сондай-ақ, жалпы қоғам жағынан Компанияға дамуы мен сенімділігін нығайтуына қызмет етуге шақырылған корпоративті басқару кодексі мен Іскерлік этикасы кодексімен реттеледі. Корпоративті басқару стандарттарын жетілдіре отыра, Компания капиталдың ағылып келуін жоғарылату және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ниетті. Нақты бапталған бизнес-процестер жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Бизнес-процестерді жетілдіру және қабылданатын шешімдер тиімділігін арттыру мақсатында, Компанияда ішкі бақылау механизмдері бапталған. Ішкі бақылау жүйесінің аясында Директорлар кеңесі, басшылық және қызметкерлер, әрқайсысы өз деңгейінде, Компания қызметіне әсер ете алатын ықтимал жағымсыз оқиғаларды анықтауға қатысады. Компанияда ықтимал тәуекелдерді есепке ала отыра, акционерлерге қолайлы тәуекел деңгейі шеңберінде осы оқиғаларды басқару жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді және ішкі бақылау жүйесінің ұйымдастыру мен басқару рәсімін Компанияның Директорлар кеңесінің жанында қызмет ететін тәуекелдер комитеті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ішкі бақылау жүйесінің координациясын «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы аудит жөніндегі комитет жасайды. Осы орган, Компаниялар тобының Директорлар кеңесіне қаржы есептілігінің сенімділігі мен ішкі бақылаудың қызметі және тәуекелдерді басқару жүйелерінің адекватты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге арналып қабылданған шешімдер мен процестер мониторингі бойынша жәрдемдеседі.
Компанияда 2009 жылдан бастап жыл сайын, инвестициялық бағдарлама аясында өткізілетін Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) саясатына сәйкес, қоршаған ортаға қатысты ЕҚДБ қаржыландыратын жобаларға Экологиялық және әлеуметтік әрекеттер жоспары (ESAP) жүзеге асырылады.
Экологиялық және әлеуметтік әрекеттер жоспары – Компанияның экологиялық параметрлерін жетілдіруге бағытталған жобаларды ұсынатын және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындардағы еңбектің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық құжат. Компания жыл сайын ESAP аясында атқарған жұмысы туралы қоғамдық есеп ұсынады.
Компания қызметіндегі негізгі басымдық – Компания басқару құрамы және қызметкерлер кәсіптілігін жоғары деңгейде ұстап тұратын, әрекеттіліктің жоғары тиімділігін, ағымдағы және стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін кадрлық саясаты болып табылады.