Петропавл 2-ЖЭО қызметінің негізгі түрі жылу және электр энергиясын өндіру болып табылады. 2016 жылы 1 қаңтарға станцияның белгіленген қуаты – электр энергиясы бойынша 541 МВт, жылу энергия бойынша 713 Гкал/сағ құрады. Станция келесі цехтардан тұрады: отын-көлік, қазандық, турбина, электрлік, химиялық. Көмекші цехтар: жылу автоматикасы және өлшеулер цехы, жөндеу-механикалық цех, оттегі станциясы, жөндеу-құрылыс учаскесі. Станция Қазақстан Республикасының энергияжүйесімен ӘЖ-220кВ бойынша қатарлас жұмыс істейді: «2711», «2721» және ӘЖ-110кВ «Сибирь», байланыстың алты трансформаторларымен 35/110/220кВ ашық тарату құрылғылары бар. Электр энергиясының беруі Солтүстік Қазақстан Электржелістік тарату компанисының транзиттік желілері мен «КЕGOС» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Оңтүстік Орал темір жолы Петропавлдық бөлімшесіне, «Қазақстан Теміржолы» РММ және басқа да тұтынушыларға жеткізуді «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ жүзеге асырады. Жылу энергияның беруі үш негізгі жылумагистраль арқылы жүзеге асырылады: Ду-1000 «Город», ДУ-1000 «Север», ДУ-600 «СВПЗ».
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да отынның негізгі түрі КСН маркалы Экібастұз бассейнінің көмірі болып табылады. Тамызықтық отын М-100 маркалы мазут болып табылады.