«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы («СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, Компания) Солтүстік Қазақстан облысындағы энергиямен қамтамасыз етудің барлық саласын (энергоресурстарды генерациялау, тасымалдау және өткізу) қамтитын вертикалды түрде біріктірілген компания. Кәсіпорын «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобына кіреді. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2009 жылы 13 шілдеде қайта құру нәтижесінде акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында құрылған және ол Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарында 1999 жылғы 19 қаңтарда тіркелген «Аксесс Энерго 2-ПЖЭО» ЖШС-ның барлық құқықтары мен міндеттерін жалғастырушы болып табылады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ құрамына кіретін кәсіпорындар:
- Петропавл 2-ЖЭО;
- «Солтүстік Қазақстан Электр желістік Тарату Компаниясы» АҚ («Солтүстік Қазақстан облысының электр желілері);
- «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС (Петропавл қ. жылу желілері);
- «Севказэнергосбыт» ЖШС.
2017 жылғы 1 қаңтарға станцияның белгіленген электр қуаты 541 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ. құрайды.
Өндірісте пайдаланатын негізгі отыны – Екібастұз бассейнінің тас көмірі.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өзі өндіріп шығаратын электр энергиясымен Солтүстік Қазақстан облысының 161 196 тұтынушыларын, жылу энергиясымен Петропавл қаласының 70 561 тұтынушыларын, сондай-ақ өңірдің 5 500 өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарын қамтиды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-нда өндірілетін электроэнергия Қазақстанның Солтүстік, Орталық, Шығыс және Оңтүстік аймақтарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының тыс жерлеріне тасымалданады.
Компанияның электр энергиясын тасымалдау желілерінің ұзындығы – 13 566,40 км-ге жуық. Жылу желілерінің жиынтық ұзындығы – 233,347 км.
Компания корпоративтік басқару қағидаларын белсенді енгізіп, бизнес-процестерді оңтайландырып, өндіріс, денсаулық қорғау және әлеуметтік салаларда халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибемен жұмыс жүргізуді жетілдіруде.