Тарихы

Петропавл станциянсының депосының қарауында электржабдықтау көзі — дизельдік электростанция — Ақ қайыңдар өлкесінде 1987 дылы пайда болды. Сол кезде локомотивтерді жөндеу үшін электр қуаты қажет болатын. Алқашқы электр шамы 1925 жылы Қызылжар ауданының Архангелка селосында жағылды.

1936 жылы Солтүстік Қазақстанда қуаттылығы 1600 кВт бірінші локомобильді электр станциясы пайдалануға берілді. Ол локомотив және вагон депосын, Петропавл станциясы вокзалын, ет-консерві комбинатын, Рабочий кенті үйлерін және әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандарын электр қуатымен қамсыздандырды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында, облыс аумағына көшірілген қорғаныс зауыттарын энергиямен камту үшін Петропавл 1-ЖЭО іске қосылды. Алайда, кейінгі жылдарда белсенді өркендеп келе жатқан өңірді электрмен жабдықтауға 1-ЖЭО қуаттылығы жетпейтін болды.

Осылайша, 1954 жылы Солтүстік Қазақстан облысында тың жерлерді игеру және совхоздар мен колхоздар салуға байланысты, 600-ден астам кішігірім дизельді электр станциялары пайдалануға беріліп, олар 1969 жылға дейін жұмыс істеді.

1958 жылы 110 кВт электр тарататын «Омбы-Петропавл-Қорған» бірінші желісі пайдалануға берілді. Оған «Булаев-Нефть» тірек қосалқы станциясы қосылған болатын. Ол әлі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі электр желісі болып табылады. Сонымен қатар, сол уақытта болған электропойыздың 12 қосалқы станцялары да 110 кВ-ӘЖ-не қосылған еді.

1960 жылы «Петропавл темір жол бөлімін энергиямен қамтамасыз ететін Петропавл дистанциясы» аталатын пайдалану ұйымы құрылды. Ол «Есілкөл-Петропавл-Макушино» темір жолы бойындағы ауыл шаруашылығы тұтынушыларын электрмен жабдықтау мақсатында 110/10 кВ тарату құрылғыларын, тегті қосалқы станцияларын, байланысу желілерін пайдаланумен айналысты. Электрмен қамту дистанциясының бірінші директоры А.Е. Липовой болды.

1961 жыл ерекше жыл болды. Сол уақытта Петропавл темір жол бөлімінің электрмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталып жатқан. Пойыздардың қозғалысы электр күшіне ауыстырылып, тепловоздардың орнын электровоздар басты. Дәл сол жылы Петропавл 2-ЖЭО іске қосылып, ол Солтүстік Қазақстан облысын жаппай электрмен жабдықтаудың алғашқы кезеңінің аяқталуымен айшықталды. Аса ірі жылу электр орталығының бірінші директоры В.П. Кукушкин болды.

«Целинэнерго» АБ өкімі бойынша 1963 жылы жабылып жатқан 1-ЖЭО кәсіпорнының базасында «Электр жүйелерінің Петропавл кәсіпорны» ұйымдастырылды. ЭЖБ аудандық бөлімшелерінің құру жұмыстары басталды. Кәсіпорынның бірінші директоры болып Х.И. Болатов тағайындалды. Осы кезеңнен бастап, аймақты электрмен жабдықтаудың 90-жылдарға дейін созылған негізгі кезеңі басталды.

1965 жылы 2-ЖЭО жылу жүйелері цехінің базасында «Целинэнерго» Петропавл жылу жүйелері басқармасы (ЖЖБ) құрылды. Директор болып И.П. Клавчук тағайындалды.

1998 жылы солтүстікқазақстандық энергетика саласы «Аксесс Индастриз» компаниясының басқаруына көшті.

2007 жылы өңірдің энергетикалық кешенінің басына отандық инвестор — «Орталық-Азия отын-энергетика Компаниясы» («ОАОЭК» АҚ) келіп, кейін ол «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясының» («ОАЭК» АҚ) акционерлерінің құрамына кірді.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ — Қазақстан Республикасындағы энергиямен қамтамасыз етудің барлық буынын (жылу мен электр энергиясын генерациялау, тасымалдау және өткізу) қамтитын ірі компаниялардың бірі болып табылады. Оның жұмысы арқасында 580 мың солтүстікқазақстандық тұрғын күн сайын электр энергиясымен қамтылып, Петропавл қаласының 206 мың тұрғыны тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорында өндірістік қуатты арттыру үшін негізгі құрылғыларлы кең ауқымда жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.