Стратегиясы

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ стратегиялық мақсаты – өңірдің энергетикалық дамуы үшін Солтүстік Қазақстан облысының энергетикалық жүйесінің теңгерімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жетекші энергетикалық компания құру болып табылады. Компания әлемдегі үздік тәжірибелерді белсенді түрде енгізіп, өз қызметін өндіріс, экология, денсаулық қорғау және әлеуметтік салалардағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізеді.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызмет тиімділігін арттыру арқылы активтердің нарықтық бағасының өсімі мен Компанияның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Алға қойылған мақсаттарға келесі бағыттар бойынша стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізіледі:

  • халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сертификат алу және басқару жүйесін жетілдіру;
  • өндірістің техникалық деңгейін арттыру, апаттылық тәуекелдерін төмендету мен жұмыстың тоқтап қалуын болдырмау мақсатында жабдықтарды жетілдіру;
  • энергия өндіру мен тасымалдау барысында энергия сақтайтын және энерготиімді технологияларды енгізу;
  • жылу мен электр энергиясы бірлігін өндіру үлес шығындарын азайту;
  • халықаралық, республикалық және салалық ішкі нормативті және заң шығару құжаттарының экология саласындағы талаптарға сәйкес болуы;
  • қызметкер денсаулығын қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен жарақаттануды төмендету талаптарының күшейтілуі;
  • қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында үздіксіз оқыту;
  • кәсіпорынды басқарудағы автоматтандырылған жүйені енгізу;
  • қоршаған ортаның ластануын алдын алу.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өндірістік процестерді жетілдіру мақсатында 2018 жылға дейін есептелген инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Осы инвестициялық бағдарлама аясында жабдықтарды жетілдіру бойынша генерацияны арттыруға, жылу және электр энергиясын тасымалдау барысында шығындарды төмендету, әрекеттіліктің экологиялық параметрлерін жетілдіруге бағытталған кең ауқымды шараларды жүзеге асыру жоспарланған.