Көпқабатты тұрғын үйде тұтынылатын электр қуат екі бағытта пайдаланылады: бөлек әр бір пәтер үшін және жалпы пайдаланатын орындар үшін (баспалдақ алаңы, үй астындағы жай, техникалық қабаттар, қоқысты қабыдайтын камералар, лифт жұмысы, домофон және т.б.). Электр қуат бөлек пәтер үшін жеке есептегіш құралымен (есептегіш) есептеледі. Жалпы үйлік қажеттіліктер (ЖҮК) үшін электр қуат бекітілген тариф бойынша электр желілердің теңгерімдік шекараға жататын жалпыүйлік есептегіш құралымен есептеледі, кейін төлемге қойылады.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес нысандардың (пәтерлердің) иелері жалпы мүлікті және үйді ұстау шығындарында қатысуға міндетті. Сонымен қатар әр бір иесінің шығындар мөлшері тұратын ауданға байланысты белгіленеді.
Егер жалпы жиналыста ЖҮК үшін есеп айырысуларды жеке шоттарға аудару туралы шешім қабылданса, тұрғындар өздігінен ЖҮК тұтынған электр энергия үшін «Севказэнергосбыт» ЖШС төлем жасауға міндетті
Осыған қоса, пәтер иелерінің жалпы жиналыспен әр бір пәтер бойынша тұрғындар саны және пәтер ауданы (үлескерлік), немесе барлық пәтер бойынша біркелкі ЖҮК шығындары үлестіру әдісі айқындалады.
Осы мәселе бойынша иелердің жалпы жиналыс шешімі хаттамамен ресімделеді және «Севказэнергосбыт» ЖШС ұсынылады.
Үй тұрғындарының жалпы жиналыстың шешімі туралы хаттама ұсынылғаннан кейін, ЖҮК электр энергиясын есептеуі әр бір бөлек пәтерге қойылады және тұрғындар өздігінен «Севказэнергосбыт» ЖШС төлемді жүргізеді.
Есептеудің кез келген түрінде пәтер иелерінің шешімі Заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс, нақты:
- шешім нысандардың (пәтерлердің) иелері жиналысымен қабылданады;
- жиналыс нысандардың (пәтерлердің) иелері жалпы санның үштің екісінен кем емес болғанда шешім қабылдауға құқылы;
- жиналыстың шешімі пәтер иелерінің жалпы санының көп дауысымен қабылданады;
- жиналыстың хаттамасына жиналыс төрағасы және хатшы қол қояды. Хаттамаға жиналысқа қатысқан нысандардың (пәтерлердің) иелерін тіркеу парағы тіркеледі.
Осы сұрақ бойынша шешімді қабылдау үдерісінде келесіні ескеру қажет. Тұрғындар тікелей «Севказэнергосбыт» ЖШС ЖҮК-ң электр энергиясын төлемін жүргізгенде, арасындағы қатынастар жалпы жиналыстың хаттама шешімінің негізінде жасалады және қарыз жиналған уақытта әр бір пәтер иесі жеке жауапкершілік принципі бойынша жауап береді.
Осы есеп айырысулар кестесі бойынша ЖҮК электр энергиясын нақты тұрғындар қолданады, сондықтан жабдықтаушы алдында электр энергия үшін төлем жасау жауапкершілікті әр бір тұрмыстық тұтынушы тарту керек. Бұл қазіргі уақытта «Севказэнергосбыт» ЖШС арасындағы қатынастарда жүзеге асырылды.