Есептегіш құралдар

Тұтынылған электр қуаты үшін есептесу тәртібі 

Жеке және заңды тұлғалармен тұтынылған электр қуаты үшін есеп-айырысу тәртібі Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2015ж. 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергияны пайдалану ережелерінің» (ЭЭПЕ) қағидаларына, СҚО әкімдігінің 2015ж.25.11. №459 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелеріне» сәйкес, сонымен қатар энергиямен жабдықтау/электрмен жабдықтаудың энергиямен жабдықтау ұйымының жасаған шартттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

ЭЭПЕ 58 тармақшасына сәйкес тұтынылған электр қуаты үшін есептеулер тұтынушы электр қуаттың коммерциялық есептеу құралдарының нақты көрсеткіштер негізінде энергиямен жабдықтау ұйымы жазған төлем құжаты бойынша немесе электрмен жабдықтау шартының талаптарына сәйкес тұтынудың басқа есептеулер бойынша жүргізіледі.

Электр қуаттың коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткіштерін алуға мүмкіндік болмаса, егер тұтынушы өзі қолданған электр қуаттың көлемі туралы мәліметтер ұсынбаса, тұтынудың есептеуі алдындағы кезең үшін электр қуаттың орташа шығыны бойынша жүргізіледі. 

Осыған орай, электр қуаттың орташа тәуліктік шығыны бойынша есептесу кезеңі үш есептеу кезеңінен аспайды, бұл электр қуаттың берілімі аяқталғанда тоқталады (ЭЭПЕ 64т.).

Осындай ережелер КҚПЕ бар – 19, 20 тармақ.

ЭЭПЕ 64т. сәйкес тұтынушының кінәсінсіз (пломбаның бүтіндігі және есептеу құралының алдыңғы актіде көрсетілген орнатуы және аспаптық тексерісіне сәйкес келген жағдайда  коммерциялық есепке алудың бұзылуы анықталған жағдайда тұтынудың есебін энергия беруші ұйым алдыңғы немесе электр энергиясының қаржысы мен есепке алу кестесі түзетілген келесі есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды бұрынғы қалпына келтіру күніне дейінгі аралықты қамтиды алайда ол мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы қажет.

Тұтынушы коммерциялық есепке алуды бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күндік мерзім ішінде қалпына келтіреді.

Бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң коммерциялық есепке алу қалпына келмеген жағдайда, есеп айырысу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағат пайдалануды ескеріп қосу коммутациялық аппаратының номиналды тогы бойынша жүргізіледі.

 

Порядок расчетов за потребленную электрическую энергию
Перечень документов, необходимых для оформления Приложений к договору энергоснабжения в связи со сменой владельца
Информация о расчете по среднесуточному расходу
Информация по типам приборов учета
Образцы бланков уведомлений
Перечень документов, необходимых для присоединения к электрическим сетям и оформления Приложений к договору энергоснабжения (для вновь вводимых электроустановок потребителей)
Жылу және электр қуаттың коммерциялық есептеу құралдары болмаған кезде тұтынушыны есептеулердің есеп-айырысу
Электр қуаттың коммерциялық есептеу талаптары
Коммерциялық есептеу құралдарын орнатуға және электр өткізгіштің талаптары
Есептегіш құралдарын қосу кестелері