Электрлік және жылу қуатын қосу/жеткізу талаптары

Энергияны коммерциялық мақсаттар үшін пайдаланатын заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға келісім-шартты жасау үшін қажетті құжаттар тізімі

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі немесе жеке кәсіпкердің куәлігі;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы құжат немесе электрмен жабдықтау нысанына құқықты айқындайтын құжаттың көшірмесі;
  • электрмен жабдықтау шартына қол қою құқығы бар тұлғаға бұйрық (сенімхат), жеке куәлікті қоса тіркеп;
  • жеке куәліктің көшірмесі, жеке мәліметтерді өңдеу және жинау үшін жазбаша келісіммен (жеке кәсіпкерлерге).

Техникалық қосымшалар:

1. Электр қуаты бойынша техникалық қосымшалар

  1. электр қуатты жеткізу туралы бастапқы өтінім (№3 қосымшасы);
  2. тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі және тұтынушының қондырғыларындағы шығындарды есептеу (№1Э қосымшасы);
  3. электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін қабылдау актісі (№2Э қосымшасы);
  4. Энергетикалық сараптаманы өткізу ережелерінде қарастырылған белгіленген тәртіпте, тұтынушының электр қондырғыларының техникалық жағдайын тексеру бойынша сараптамалық ұйымның актісі;
  5. техникалық шарттар (энергия беруші ұйымның элект желілеріне жаңадан қолданысқа берілетін объектілерді қосу; тұтынылатын электр қондырғысының қуатты бұрын берілген техникалық шартта белгіленген қуаттан артық пайдалануы; электрмен сырттай жабдықтау схемасының өзгеруі; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі немесе қосылу актісі (басқа жағдайда, бұрын шарт жасалған болса);
  6. апаттық және (немесе) технологиялық сауыт актісі (қажет болса).

Меншік иесі өзгергенде:

  1. тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі және тұтынушының қондырғыларындағы шығындарды есептеу (№1Э қосымшасы);
  2. электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін қабылдау актісі (№2Э қосымшасы);
  3. электр қуатты жеткізу туралы бастапқы өтінім (№3 қосымшасы);
  4. апаттық және (немесе) технологиялық сауыт актісі (қажет болса).
  5. Жылу қуаты бойынша техникалық құжаттар
    1. жылу қуатының мәлімделген шарттық мөлшері және Тұтынушының теңгерімінде тұрған трассалар бойынша шеткі жылу шығындарын есептеу (№1 Т қосымшасы);
    2. тараптардың жылу желілері теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігі шекараларын бөлу актісі;
    3. жылу желілердің және жылуды тұтынатын қондырғылардың техникалық дайындық актісі;
    4. жылу қуатының есепке алу құралын пайдалануға енгізу туралы актісі.

Меншік иесі өзгергенде меншік иесін өзгерту бөлімінде шартқа жылу энергиясын жеткізу бойынша барлық қосымшалар қайта ресімделеді:

  1. жылу қуатының мәлімделген шарттық мөлшері және Тұтынушының теңгерімінде тұрған трассалар бойынша шеткі жылу шығындарын есептеу (№1 Т қосымшасы);
  2. тараптардың жылу желілері теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігі шекараларын бөлу актісі;
  3. жылу желілердің және жылуды тұтынатын қондырғылардың техникалық дайындық актісі;
  4. жылу энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін тексеру актісі (ЫСЖ суөлшеуіштері).
  5. Келесі жылға бюджеттік ұйымдар келісім-шартты қайта ресімдеу кезде:

- Бағдарламалар және қаржыландыру сомасы көрсетілген 2 данада жасалған келісім-шарттың бланкілері

Ескерту:

Барлық техникалық құжаттар 1т. және 2т. бойынша Жабаев к, 215 а. бойынша ТҚО ресімделеді.

 

Тұрмыстық тұтынушыларға келісім-шартты жасау үшін қажетті құжаттардың тізімі

(энергиямен жабдықтауға қосылу кезінде жеке тұрғын үйлерде тұратын тұтынушылар үшін және көппәтерлі тұрғын үйлердегі жеке пәтерде тұратын абоненттер үшін)

  • электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін қабылдау актісі (№2Э қосымшасы);
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы құжат немесе электрмен жабдықтау нысанына құқықты айқындайтын құжаттың көшірмесі;
  • электрмен жабдықтау шартына қол қою құқығы бар тұлғаға сенімхат, жеке куәлікті қоса тіркеп (қажеттілік болса);
  • жеке куәліктің көшірмесі, жеке мәліметтерді өңдеу және жинау үшін жазбаша келісіммен;
  • пәтерде тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат.

Жеке тұрғын үйлерде тұратын тұрмыстық тұтынушылар үшін

қосымша келесі құжаттар керек:

  1. Электр қуаты бойынша техникалық қосымшалар:

1)   тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі және тұтынушының қондырғыларындағы шығындарды есептеу (№1Э қосымшасы);

  • 2) электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін қабылдау актісі (№2Э қосымшасы);
  • 3) техникалық шарттар (энергия беруші ұйымның элект желілеріне жаңадан қолданысқа берілетін объектілерді қосу; тұтынылатын электр қондырғысының қуатты бұрын берілген техникалық шартта белгіленген қуаттан артық пайдалануы; электрмен сырттай жабдықтау схемасының өзгеруі; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі немесе қосылу актісі (басқа жағдайда, бұрын шарт жасалған болса).

Меншік иесі өзгергенде:

1)   тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі және тұтынушының қондырғыларындағы шығындарды есептеу (№1Э қосымшасы);

  • 2) электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін қабылдау актісі (№2Э қосымшасы).
  1. Жылу қуаты бойынша техникалық құжаттар
    • 1) жылу қуатының мәлімделген шарттық мөлшері және Тұтынушының теңгерімінде тұрған трассалар бойынша шеткі жылу шығындарын есептеу;
    • 2) жылу желілердің және жылуды тұтынатын қондырғылардың техникалық дайындық актісі;
    • 3) жылу қуатының есепке алу құралын пайдалануға енгізу туралы актісі.

Меншік иесі өзгергенде меншік иесін өзгерту бөлімінде шартқа жылу энергиясын жеткізу бойынша барлық қосымшалар қайта ресімделеді:

  • 1) жылу қуатының мәлімделген шарттық мөлшері және Тұтынушының теңгерімінде тұрған трассалар бойынша шеткі жылу шығындарын есептеу (№1 Т қосымшасы);
  • 2) тараптардың жылу желілері теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігі шекараларын бөлу актісі;
  • 3) жылу желілердің және жылуды тұтынатын қондырғылардың техникалық дайындық актісі;
  • 4) жылу энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін тексеру актісі (ЫСЖ суөлшеуіштері).
  1. Қосымша құжаттар:

- энергия жабдықтарын пайдалану үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық

 

Ескерту:

Барлық техникалық құжаттар 1т. және 2т. бойынша Жабаев к, 215 а. бойынша ТҚО ресімделеді.

 

Перечень документов, необходимых для оформления Приложений к договору энергоснабжения в связи со сменой владельца
Перечень документов, необходимых для присоединения к электрическим сетям и оформления Приложений к договору энергоснабжения (для вновь вводимых электроустановок потребителей)