Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облысты тұрақты энергиямен жабдықтау және энергетика секторын дамытуға қосқан үлесі үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский «Құрмет» орденімен марапатталды.
III дәрежелі «Еңбек Данқы» ордендері «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ Диспетчерлік және технологиялық құралдарының қызметі диспетчерлік жабдықтың және телеавтоматиканың электромонтері- Ольга Гурина және Петропавл 2-ЖЭО отын-көлік цехының автоматтандырылған отынмен қамтамасыз ету моторисі-Галина Жолаушинаға берілді
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС №2 тораптық ауданның №4 сорғы стансасының сорғы қондырғысының машинисі- Бакыт Магауова марапатталды.
«Құрметті энергетик» төс белгісімен («Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі») «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ қалалық электр желілер басқармасының бастығы - Сама
т Курумбаев марапатталды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің Алғыс хаты жоғары кәсіби, еңбек жетістіктері және энергия кешенін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ қалалық электр желілер басқармасының бас инженері- Алексей Семенюкке берілді.
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» («Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрметті энергетигі») атағын алды:
- Юрий Куликовский, Петропавл 2-ЖЭО турбина цехы турбина бөлімшесінің аға машинисі;
- Светлана Величкина, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
- Ильвир Галиев, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ қалалық электр желілер басқармасының қала бойынша ӘЖ 10-0, 4 кВ қызметінің бастығы.
«Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» («Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрметті энергетигі») атағына ие болды:
- Павел Карпов, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өндірістік-техникалық басқармасының бастығы;
- Сергей Овсейчик, Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехы қазандық жабдығының аға машинисі;
- Валерий Хмара, Аққайың АЭЖ бастығы.
Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамоталарымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас бухгалтері Татьяна Алексеевене, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС пайдалану қызметі техникалық бөлімнің бастығы Виктория Бархатова, қалалық электр желілер басқармасының қала бойынша ТфҚС, ТП және ЖтФҚС қызметі, қызметтің аға шебері Вячеслав Алин, Петропавл 2-ЖЭО отын-көлік цехының бульдозер машинисі Сергей Козупица және химиялық цехтың жабдықты жөндеу жөніндегі шебері Константин Храмцов марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғысын «Севказнергосбыт» ЖШС өтім басқармасының бастығы Марина Иванова алды. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жылу желілерінің жабдығын жөндеу жөніндегі слесарі Сергей Тимченко және қалалық электр желілер басқармасының қала бойынша жедел-диспетчерлік қызметінің аға диспетчері Ахан Саутбаев марапатталды.
«Энергетика – жай ғана сала емес, бұл біздің заманауи өміріміздің негізі. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының әрбір қызметкері- аймақты сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін, команданың бір бөлігі. Осы жылы көптеген энергетиктердің марапатталғанына қуаныштымын, бұл біздің еңбегіміздің еленіп, әділ бағаланғанын білдіреді. Әрқайсыңызға берілгендігіңіз бен адалдығыңыз үшін алғыс айтамын.
Биыл өңіріміз үшін өте ауыр жыл болды. Су тасқыны кәсіпқойлығымыздың, жауапкершілігіміздің, ортақ қиындыққа қарсы бірлігіміздің сынағы болды. Бүкіл ұжымның үйлесімді әрекетінің арқасында, біз бұл сынақтан абыроймен өттік.
Биыл Петропавл 2-ЖЭО-да ұзындығы 180 метр №1 түтін мұржасының діңін салдық. Бұл жай ғана техникалық жетістік емес, бұл біздің дамуымыздың және жаңа биіктерге ұмтылуымыздың белгісі.
Әлі де жүзеге асыратын жобаларымыз көп. Біздің команданың ауызбіршілігі мен кәсібилігі бұдан да биік белестерді бағындыруға мүмкіндік беретініне, сенімдімін. Сіздердің еңбектеріңіз бен компанияға берілгендігіңіз үшін алғыс айтамын, денсаулық, амандық-саулық және одан әрі мансаптық табыс тілеймін»,- деп «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский атап өтті.
Кәсіпорынның «Құрмет кітабын» 4 энергетик толықтырды:
- Марина Ткаченко, Петропавл 2-ЖЭО отын-көлік цехының автоматтандырылған отынмен қамтамасыз ету моторисі;
- Виктор Черненко, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ қосалқы стансалар қызметінің жетекші инженері;
- Марина Щепеткина, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС пайдалану қызметі жылу энергиясын тасымалдау бөлімінің бастығы;
- Кульжиян Кобжасарова, «Севказэнергосбыт» ЖШС Қызылжар ауданының энергия өтімі учаскесінің бастығы.
«2024 жылдың мамандығы бойынша үздік» атағы берілді:
- Анатолий Мартыненкоға, Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехының қазандық тазалаушысы;
- Лариса Ковалёнокқа, Петропавл 2-ЖЭО химиялық цехтың электр стансасының химтазалау аппаратшысы;
- Людмила Сидоренкоға,шаруашылық қызмет көрсету тобының арнайы киімді жуу және жөндеу жөніндегі қызметкері;
- Геннадий Вдовинға, Жамбыл АЭЖ Преснов шеберлік учаскесінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері;
- Николай Савинға, Жамбыл АЭЖ Преснов шеберлік учаскесінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері;
- Вальдер Михельға, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ жөндеу цехының фрезершісі;
- Вячислав Набокаға, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жөндеулер басқармасының тарату желілерін жөндеу бойынша учаске электргазбен дәнекерлеушісі;
- Виталий Ворономға, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жөндеулер басқармасының магистральдық желілерді жөндеу бойынша учаске газ кескіші;
- Амангельды Бекежановқа, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС №2 тораптық ауданның жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарі;
- Светлана Ващенкоға, «Севказэнергосбыт» ЖШС №3 қызмет көрсету-орталығының бақылаушысы;
- Ольга Егороваға, «Севказэнергосбыт» ЖШС №3 қызмет көрсету-орталығының бақылаушысы;
- Ксения Семеноваға,«Севказэнергосбыт» ЖШС №3 қызмет көрсету-орталығының бақылаушысы;
«Кәсіпорынның үздік қызметкерлері» атанды:
- Инесса Мазалова, Петропавл 2-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің инженер-жылутехнигі;
- Никита Лавров, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ қалалық электр желілер басқармасының қала бойынша кабель желілері қызметінің аға шебері;
- Сергей Торлопов, Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жөндеулер басқармасының магистральдық желілерді жөндеу жөніндегі шебері;
- Кира Синякова, «Севказэнергосбыт» ЖШС персоналмен жұмыс жөніндегі топтың персонал бойынша маманы.
«Орталық -Азия Электр энергетикалық Корпорациясы» АҚ Құрмет грамоталарын алды:
- Болат Малдыбаев, Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехының қазандық тазалаушысы;
- Ирина Евсеева, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің электр желілері инженері;
«Орталық -Азия Электр энергетикалық Корпорациясы» АҚ Алғыс хаттары берілді:
- Игорь Козленкоға,«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС №2 тораптық ауданның сорғы қондырғысының машинисі;
- Бахит Сагиндыковқа, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС №2 тораптық ауданның сорғы қондырғысының машинисі;
- Аслан Аушакимовқа, Шал акын АЭЖ бас инженері.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Құрмет грамотасына лайық:
- Евгений Кулагин, ӘЖ 35 кв және жоғары қызметінің жетекші инженері;
- Яков Кухаренко, Орталық диспетчерлік қызметтің диспетчері;
- Александр Трушников, Петропавл 2-ЖЭО ЖАӨЦ бақылау-өлшем аспаптар және автоматика жөніндегі инженері;
- Сергей Чирков, Петропавл 2-ЖЭО электр цехының жабдығын жөндеу жөніндегі шебері;
- Елена Багыткереева, «Севказэнергосбыт» ЖШС өткізу басқармасының жылу энергиясы бойынша өткізу бөлімінің бастығы.;
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Алғыс хаттарымен марапатталды:
- Владислав Луцак, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ақпараттық технологиялар басқармасының жүйелік әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
- Елена Спиридонова, өндірістік-техникалық басқарманың жедел-техникалық бөлімінің диспетчері;
- Лариса Зайкова, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы;
- Геннадий Илгунов, Петропавл 2-ЖЭО жөндеулерді жоспарлау және дайындау бөлімінің жетекші инженер-конструкторы;
- Иван Мелик-Шахназарян, Петропавл 2-ЖЭО турбина цехы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары;
- Константин Малеев,«Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ энергетикалық бақылау бөлімінің инженері;
- Николай Евсюков, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС №1 тораптық ауданның шебері;
- Людмила Мораш, «Севказэнергосбыт» ЖШС талдау бөлімнің талдаушысы;
Марапатталғандардың қатарында салаға елеулі өмірін арнағандар да бар. «Құрмет» орденімен «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ еңбек ардагері Николай Копачинский марапатталды.
«Ардагер энергетик» атағын ардагерлер- Александр Фоминых, Владимир Устьянцев, Ольга Куришко және Наталья Зальцман алды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобы үйлерде жарық пен жылу болуы үшін үздіксіз жұмыс істейді. Осы алып механизмдегі отты энергия өмірдің мәні болып табылатын, екі мыңнан астам батыл адамдар сақтайды және олар ортақ игілікке бар күш-жігерін салуға дайын. Біз энергетика саласын көптеген маңызды жеңістер мен үлкен жетістіктер күтетініне сенімдіміз және біздің мамандар оларды жүзеге асыра алады.