Петропавлда жылыту маусымы аяқталуда
 
Петропавл қаласының әкімдігі 21 сәуірде 2024-2025жж. жылыту маусымын аяқтау туралы қаулы шығарды.
 
Жылыту маусымының аяқталуы, бұл күні барлық қалалық үйлерде жылу бірден өшеді дегенді білдірмейді. Жылуды өшіру 10 күн ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл қаланың жылумен жабдықтау жүйесіндегі теңгерімді сақтау үшін қажет.
 
МИБ/ПИК басшылары үй ішіндегі жылу жүйелеріндегі бекіткіштерді жауып, ыстық су болса -жүйені жазғы режимге ауыстыруы керек. Өшіргеннен кейін радиаторлар 2-3 сағаттан кейін суиды.