«Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ («СҚЭТК» АҚ) бас директоры Александр Чекулаев «Энергетиклық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобаны іске асыруға арналған, брифингта баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген, Ұлттық жоба еліміздің энергетиклық және коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Осы жоба аясында «СҚЭТК» АҚ Солтүстік Қазақстан облысында кернеуі 220 кВ үш қосалқы станциясын және 89,7 км 0,4-35 кВ электр беру желісін жаңғыртуға өтінім берді. Инвестицияның жалпы сомасы ҚҚС-ны есепке алғанда 13 264,887 млн. теңге құрайды.
Александр Чекулаев компанияның өтінімдері келісудің барлық қажетті кезеңдерінен өткенін, атап өтті. Ұлттық жобаның техникалық операторы — «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ -барлық жобалар бойынша оң қорытынды берді. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі оларды іске асырудың орындылығын растады.
Жобалардың негізгі мақсаттары:
- Жыл сайынғы өсуді есепке алмай, «СҚЭТК» АҚ жабдықтарының тозу деңгейін 97,17% бастап 92,6% дейін төмендету.
- Желілердегі технологиялық бұзушылықтар санын азайту.
- 29 800 тұтынушылар үшін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Бас директор қазір барлық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленгенін және кешенді ведомстволық емес сараптаманың оң қорытындылары алынғанын, атап өтті.
Жобаларды екі кезеңде іске асыру жоспарлануда:
- 2025 жыл:
- Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауылында 0,4 кВ әуе желілерін және 10/0,4 кВ толық трансформаторлық қосалқы станцияларын салу.
- «Алма-Атинская» 35/10 кВ қосалқы станциясына кіретін 35 кВ әуе желілерін қайт құру.
- 220 кВ қосалқы станциясын қайта құру үшін тауар-материалдық құндылықтарды ішінара сатып алу.
- 2026 жыл:
- 220 кВ үш қосалқы станциясын қайта құру.
Жобалар аясында заманауи технологиялық шешімдер енгізілетін болады, мынадай:
- Толық тарату құрылғылары бар блокты-модульдік ғимараттарды орнату.
- Майлы ажыратқыштарды вакуумдықтарға ауыстыру.
- Майлы ажыратқыштардың орнына элегазды ажыратқыштарды қолдану.
- Өздігінен жүретін оқшауланған сымдарды (ӨОС-4), қолдану арқылы 0,4 кВ әуе желілерін салу, бұл сенімділікті арттырады және пайдалану шығындарын азайтады.
Александр Чекулаев отандық тауар өндірушілерді қолдуға ерекше көңіл бөлді: жобаларда қолданылатын, материалдардың шамамен 95% Қазақстанда өндірілетін болады.
Бұл жобаларды іске асыру өңірде электрмен жабдықтау сапасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар энергетикалық секторды тұрақты дамытуға және Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, Ұлттық жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды қадам болмақ.