Құрметті қазақстандықтар!

Асыл мерекелердің бірі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – Қазақстанның  мақтанышы мен тәуелсіздігіміздің тірегі.

Жас астанамыз бүкіл еліміздің еңбегінің арқасында бойын түзеп, бүгінгі таңда бүкіл әлемді өзінің әдемілігімен таң қалдыруда.

Елордамыз көркейіп, гүлдене берсін! Құрметті жерлестер, Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен бейбітшілік тілеймін!


Игі тілекпен,
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма төрағасының м.а.       А. Язовская