«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ  қолмен дәнекерлеу электр дәнекерлеушісі Александр Азеговқа «Петропавлдың құрметті азаматы» атағы берілді. 

 Александр Анатольевич Азегов –    «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның шегінен тысқары жерлерге  танымал тұлға.  Бұрынғы әскери-ауған «Саланг»  әскери -патриоттық клубтың тұрақты жетекшісі энергетикаға өзінің 42 жылын арнады.   

 

Біздің  кейіпкеріміз электр желілерінің кәсіпорнында өзінің еңбек жолын 1982 жылда бастады    Электрик және дәнекерлеуші болып көп жыл жұмыс атқарған, әкесі кәсіпті таңдауға әсер еткен.  Александр Азегов 9-сыныптан кейін болашақта дәнекерлеуші болып жұмыс істеу үшін Петропавл қ. 112-училищесіне оқуға түсті.  Диплом алғаннан кейін жас маман үш ай Петропавл 2-ЖЭО-да   жұмыс істеді, сосын армияға  және де әуе-десанттық әскери жедел  қызметке ғана емес, Ауғанстанға-соғысқа аттанды. 

 

Соғыс аймағынан оралған, Александр Азегов  35 кВ және жоғары қызметке электр желілері кәсіпорнына дәнекерлеуші  болып орналасты. Содан бері 42 жыл өтті, ал біздің әріптес    қазір де    «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да  тек бір адам- Александр Азегов меңгере алатын,  барлық жерден өте алатын тіркеуішке қайта жабдықталған, БМП жүргізушісі және   қолмен дәнекерлеу электр дәнекерлеушісі болып сол жерде еңбек етеді.   

«Біз  35 кВ және жоғары желілерге қызмет көрсетеміз. Кез-келген қиын жөндеу және апаттық-қалпына келтіру іс-шараларын жүргіземіз. Менің жұмысым барлық дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуден тұрады.  Мен жүргізушімін де, арсеналымда барлық жүргізушінің санаттары бар, сондай-ақ жөндеу бригадасын баратын жеріне дейін жеткізіемін»-деп, Александр Азегов айтты.      

 «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да  35 кВ және жоғары қызметтегі  жұмыстың қиындығы аптаға ұзарып кететін және де  дала жағдайларында болатын, жие іс-сапаралар болып табылады. 

Александр Азегов  кәсіби міндеттерінен басқа 37 жыл  бойы  «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның аумағында орналасқан, өзінің  «Саланг» клубында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеумен айналысады.  Төрт онжылдық ішінде оның қолынан 2000 астам балалар мен қыздар өтті, көбі  өзінің Отаны мен ата-аналарының мақтанышы болып,  әскери істе көп жетістіктерге жетті. Бұдан басқа біздің әріптесіміз Еске алу вахтасына қатысады  -Ұлы Отан соғысының ұрыс- шайқас даласына барып, қаза тапқан  жауынгерлердің қаңқаларын іздеумен айналысды.  

«Қырық жыл бойы мен өз ісіме және өзіме де адалмын.  Көбісі   қай жерде  жақсы жағдай, жалақысы жақсы жұмыс және т.б.  іздейді.Әрине, бұл әр адамның шаруасы.Бірақ энергетикаға  бір жола ғашық болғандықтан, бар күшіммен пайда әкелгім келеді, туған кәсіпорныма және өз тарихын білетін, құрметтейтін, «Салангқа» маған келетін балалар үшін көп жақсылық  істеймін деп, ойлаймын. Жұмыста да және қоғамдық жұмыста да менің барлық идеяларымды жүзеге асыруға көмектесетін, менің жолымда тамаша адамдар жолығатынын, бағалаймын»-деп,     Александр Азегов бөлісті.

Александр Анатольевичті  лайықты атақ алуымен құттықтаймыз!