Болашақ энергетиктер Петропавл 2-ЖЭО-ға барды.
1 ақпанда «Б.Әшімов ат. машина жасау және көлік колледжі» КМҚК «Электрмен жабдықтаушы» мамандығы бойынша 2 -курс студенттері үшін оқу аудиторияларда өтпеді. Болашақ энергетиктер Петропавл 2ЖЭО-да болды.
Студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткеннен кейін, дулыға мен кеудешелерді киіп, кәсіпорынның негізгі бөлімшелеріне аттанды. Балалар өндірістің технологиялық процесі туралы және одан әрі жылу мен электр энергиясын бөлу туралы, қазандық пен турбиналық цехтардың жұмысы туралы және ең соңында барлық жабдықтардың жұмысына бақылау жүретін, негізгі басқару қалқаны- «станцияның жүрегі» туралы білді.Колледждің студенттері мен оқытушыларының өтініші бойынша электр цехы электр зертханасының бастығы Сергей Бадагазин басқару жүйесі мен жабдықты қорғау, күштік трансформаторлар мен АТҚ (ашық тарату құрылғысы) туралы айтты.
Студенттер Петропавл 2ЖЭО-да болған кезде мұражайға барды, онда кәсіпорынның тарихымен танысты. 1943 жылы салынған, тура 20 жыл жұмыс істеген 1-ЖЭО туралы, 1961 жылы Петропавл 2-ЖЭО іске қосылғаны туралы, өңірдегі электр және жылумен жабдықтау саласын дамытудың бастауында тұрған тұлғалар туралы білді. Балалар қызметкерлердің спорттық өміріне, тәжірибеден өту, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне де қызығушылық танытты.