Құрметті отандастар! 30 тамызда біз ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін атап өтеміз.
Жақында бүкіл ел Конституцияға түзетулер енгізуге дауыс берді – «Жаңа Қазақстанды» таңдады. Бұл мерекені биылғы жылы ерекше етеді.
Бүгін Конституция жаңа кейіпте алдына келді. Оның мазмұны үштен біріне өзгерді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы негізгі ережелер күшейе түсті. Негізгі Заң – елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы!
Әрбір қазақстандықты Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!