Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бір топ депутаттары «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-да болды. Олар стансадағы ағымдағы жағдаймен, жылу беру маусымымен, энергетика саласындағы орын алып отырған мәселелермен және оларды шешу жолдарымен танысты, сондай-ақ энергетиктер станса жылыту маусымынан қалай өтіп жатқаны туралы айтты.

 

«Петропавл 2-ЖЭО күзгі-қысқы маусымнан өтуге жеткілікті мөлшерде отынмен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда стансада 140 372 тонна көмір, мазут- 836 тонна бар. Төмен температура кезеңінде 2-ЖЭО кемінде 20 тәулік, яғни 136 000 тонна көмірдің төмендемейтін қорымен қамтамасыз етілуі керек»-деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары- Петр Богданов айтты.

Кездесу барысында сала мамандарының тапшылығы мәселесіне баса назар аударылды. Кадр мәселесінің негізгі себебі- бәсекелессіз жалақы, сонымен қатар энергияға деген сұраным артуда, қазіргі таңда қаржыландырудың негізгі көзі-бұл тарифтер.

 

Петропавл 2-ЖЭО орнатылған электр қуаты – 541 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/ сағ. 2024 жылдың 10 айына тәулігіне орташа есеппен 6 206,76 мың.кВтч және 4 505,62 Гкал өндірілді. Сонымен қатар өндіріс көлемі жыл мезгіліне байланысты, яғни 2024 жылдың жаз мезгілінде электр энергиясын орташа тәуліктік өндіру 4 990,878 мың кВтч, ал жылу – 1 094,57 Гкал, қысқы мезгілде электр энергиясы – 7 363,465 мың кВтч, жылу– 10 004,47 Гкал құрайды.