Петропавл  2-ЖЭО директоры   Дмитрий Захаров   «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Дмитрий Захаров,  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-жылуэлектр орталығының  директоры,  "Ерен еңбегі үшін" медалі (еңбекте ерекшеленгені үшін)  - жоғары мемлекеттік  наградаға лайық. Бұл оның көп жылғы еңбегі мен өңірдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін лайықты бағалады.  «Бұл марапатты жеке жеңісім деп қана есептемеймін, барлық біздің команданың жұмысын танылған деп есептеймін.  Біз энергия өндіруді қамтамасыз ету және жаңа энергия тиімді технологияларды енгізу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз"-деп,  энергетик өз ойымен бөлісті. Дмитрий Захаров  энергетика саласында 25 жылдан астам жұмыс істейді, 2022 жылы Екібастұз қаласына жылумен жабдықтауды қалпына келтіруге қатысу үшін іс-сапарға жіберілді,  Петропавл 2-ЖЭО үшінші жыл басқарады.  Дмитрий Захаровты  "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттау- бұл  оның жеке еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар бүкіл «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұжымының еңбегіне берілген жоғары баға. Дмитрий Александровичті лайықты марапатымен құттықтаймыз!