"Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ электромонтері -Надияр Құнанбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен мрапатталды. Біздің әріптесімізге марапатты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі-Ғауез Нұрмұхамбетов табыс етті. Надияр Құнанбаев Петропавл қ. әуе желілері қызметінің тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтер лауазымын атқарады. Еңбек үздігі үшін медальді су тасқыны кезіндегі кәсіби шеберлігі мен адал еңбегінің арқасында алды. Өңірде су апаты орын алған кезде, Надияр қала мен облыс тұрғындарын электрмен жабдықтауды жедел қалпына келтіруге ат салысты.Надияр- жас маман, жоғары білім туралы диплом алғаннан кейін ол 3,5 жыл энергетика саласында жұмыс істейді, осы мерзім ішінде өзін атқарушы, жауапты және білікті қызметкер ретінде танытып үлгерді. Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз!