Жаңа жыл қарсаңында Петропавл қаласында «Біздің үйлердегі жарық пен жылу» балалар суреттері конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара Энергетиктер күні мен «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату Компаниясы» АҚ-ның 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын.
Балаларға арналған мереке «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ орталық кеңсесінде ұйымдастырылды. Мұнда ең үздік туындылар арнайы қойылған стендтерде орналастырылған.
Энергетика саласына қатысты жұмбақтар мен өлеңдер, би-думан, жаңажылдық мерекелік көңіл-күй, көңілді жүргізушілер – бәрі балалар мен ата-аналарды жарқын қарсы алып, шаттыққа бөледі.
Конкурс нәтижесін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Алла Язовская жариялап, балалар мен олардың ата-аналарына шығармашылық сайысқа қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Барлығы сайыста 300-ге жуық жас суретші өз бақтарын сынады. Олардың қатарында кәсіпорын қызметкерлерінің балалары, Петропавл қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары, облыстық ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері, сондай-ақ, облыстың шалғай аудандарында тұратын отбасылардан шыққан балалар болды.
Жас мөлшері жөнінен ең кіші топта (5-7 жас) бірінші орынды – Кристина Колесникова (7 жаста), екінші орынды – Максим Канюк (5 жаста), үшінші орынды – Мария Кисленко (5 жаста) жеңіп алды. Орта топта (8-11 жас) бірінші орынға – Яна Лайс (10 жаста), екінші орныға – Яна Андрущишина (10 жаста), үшінші орынға – Илья Баражник (9 жаста) лайық деп танылды. Жоғарғы топта (12-14 жас) жеңімпаздар төмендегіше анықталды: бірінші орын – Дарья Назарова (12 жаста), екінші орын – Ангелина Музыка (13 жаста), үшінші орын – Алексей Гаврилов (14 жаста). Олардан бөлек, арнайы аталымдар бойынша Виктория Руденко (8 жаста) «Суретші-өнертапқыш», Никита Дадаев (9 жаста) «Ең креативті суретші» және Саида Амандықова (4 жаста) «Ең жас суретші» деп танылды. Қосымша «Сайысқа белсенді қатысқаны үшін» аталымы бойынша тағы 8 баланың туындылары айрықша аталды.
Бақытты жеңімпаздар сыйға алған грамоталары мен сыйлықтарымен бірге суретке түсіп, мәз-мейрам болды. Бәлкім, болашақта бұл балалардың кейбірі өз өмірін сурет өнеріне не энергетика саласына арнайтын шығар. Бірақ, қалай болғанда да, есейе келе балалар алысқа ұзап бара жатқан электр желілері бейнеленген өздерінің алғашқы суреттерін еске алары анық.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі