«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетиктері ҚР кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагельдиевамен өзекті мәселелерді талқылады.

«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-да («СҚЭТК» АҚ) кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерінің ҚР кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагельдиевамен кездесуі өтті. Іс-шара кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара әрекетті нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктеріне қатысты негізгі мәселелерді талқылау аясында өтті.

Кездесуде еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс орындарында қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері көтерілді. «СҚЭТК» АҚ бас директоры Александр Чекулаев өзара түсіністікке қол жеткізу және өзекті мәселелерді шешу үшін кәсіподақтар мен компания басшылығы арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

«Қазіргі таңда қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы сындарлы диалогты қолдау бұрынғыдан да маңызды. Бұл туындайтын мәселелерді жедел шешуге ғана емес, сонымен қатар қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде кәсіпорынның тиімділігіне оң әсер етеді» - деп, Гүлнара Жұмагельдиева атап өтті.

«СҚЭТК» АҚ басшысы кәсіподақ ұйымдарымен бұдан әрі ынтымақтастықққа дайын екендігін, қызметкерлердің құқығын қорғау және қолайлы еңбек жағдайларын жасау компания саясатындағы приоритетті бағыт екендігін айтты.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастырып, әлеуметтік-еңбек саласын жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға келісті.