«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Елбасы тапсырмаларын орындау – энергетиктердің ең басты міндеті болып табылады. Өйткені аймақтың энергетикалық қауіпсіздігі – дәл осы азаматтардың қолында.
Мемлекет Басшысының Жолдауын талқылауға «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамына қарасты Петропавл 2-ЖЭО, «Солтүстік Қазақстан Электр желілерін тарату Компаниясы» АҚ, «Севказэнергосбыт» ЖШС және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС өкілдері түгел қатысты.
Елбасы тапсырмаларын қарастырған солтүстік қазақстандық энергетикалық кешеннің қызметкерлері энергетика саласына қатысты қойылған міндеттерге айрықша тоқталды.
«Мемлекет Басшысы өзінің Жолдауында еліміздің энергетикасын дамытуда дәстүрлі энергетикаға маңыз беру керектігін айрықша атап өтті. «Жасыл энергетиканың» қарқынды дамуына қарамастан, энергия өндірісінің дәстүрлі көздерін де ұмытуға болмайды. Бұл ретте біз энергия үнемдеу мәселесіне ерекше назар аударып, Президент Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, «өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге» көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО-нда энергия үнемдеу бағдарламасы жүзеге асырылып, энергиялық тиімділігі жоғары қондырғылар орнатылуда. Соның арқасында энергияның жаңартылмайтын көздерін тұтыну көлемі азайып келеді. Алдағы уақытта, Елбасы Жолдауын негізге ала отырып, біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз», – деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин.
Айта кету керек, солтүстік Қазақстан энергетиктерінің ұйымшыл ұжымы үшін Мемлекет Басшысының Жолдауын талқылау – жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын маңызы зор шара. Өйткені мемлекеттің сауатты жүргізілген саясатының арқасында ғана аймақтың энергетика саласы дамып, сала мамандарының біліктілік деңгейі жоғарыға өрлеп, ал Компания қызметкерлерінің әл-ауқаты жыл санап жақсарып келеді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі