«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның спортсүйер қызметкерлері 2013 жылдың спорттық маусымын қорытындылап үлгермей жатып, биылғы жаңа жарыстарды да бастап кетті. Компания кәсіпорындар тобының спортшылары шаңғы спорты, қысқы балық аулау мен жүзу бәсекелерінде өз күштері мен мүмкіндіктерін сарапқа салды.

Еске сала кетейік, өткен жыл, сондай-ақ, 2012, 2011 жылдар қорытындысы бойынша да  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-на қарасты кәсіпорындар арасында «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ спортсүйер қызметкерлері жеңімпаз атанған болатын. Міне, биылғы жыл басында да аталған компания спортшылары шаңғы тебу мен жүзу жарыстарында үздік шығып, чемпион атақтарын қорғап қалды. Ал үздік балық аулаушылар болып еш қиындықсыз жеңімпаз тұғырына көтерілген жылу энергетиктері дараланды.

Энергетиктер екінші орынды төмендегіше бөлісті: шаңғы жарысында жаңа маусымның дебютанттары – «СЕВКАЗЭНЕРГО» автотранспорт кәсіпорны спортшылары топ жарса, жылу энергетиктерінен кейінгі көп балық аулағандар – 2-ЖЭО энергетиктері болды. Сондай-ақ, жүзу жарысында «Севказэнергосбыт» ЖШС спортшылары да екінші орын иеленді.

Үздіктер үштігін шаңғы жарысында – жылу электр орталығының, қысқы балық аулау сайысында – автотранспорт кәсіпорнының және жүзуде – тағы да 2-ЖЭО-ның спортшылары тұйықтады.

Осылайша, 3 сайыс түрінің қорытындысы бойынша, 64 ұпай жинаған «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бірінші орында келе жатса, 52 ұпайы бар 2-ЖЭО екінші орында, 50 ұпай жинаған «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ автотранспорт кәсіпорны 3 орында тұрақтап тұр. «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС мен «Севказэнергосбыт» ЖШС еншілерінде – 49 және 46 ұпайдан.

Қалалық «Денсаулық» спартакиадасында Петропавл кәсіпорындары арасында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниясының құрама командасы шаңғы тебу және жүзу жарыстарында екінші орын тұғырынан көрінді.

«ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі