2024 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобы барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын орындады.

«Петропавл Жылу Жүйлері» ЖШС жылыту маусымнына дайындық кезінде 6,75 км магистральдық және тарату жылу желілерін жөндеді, 2,86 км құбырдың оқшаулауын қалпына келтірді. 86 дана жоспар кезінде 136 дана бекіткіш арматура ауыстырылды, 19 жылу камерасы жөнделді, магистральдық сорғы станцияларындағы сорғы және электр қуатты жабдыққа ағымдағы жөндеу жүргізілді, электр қозғалтқыштар мен сорғылар сыналды, асфальт жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 1,5 км Сәтпаев к. бойы №3 жылу магистарлін қайта жаңарту аяқталды, Ружейников к. бойы №6 жылу магистарлін қайта жаңарту басталды. №1 сорғы станциясына күрделі жөндеу жүргізу аяқталды, онда электр цехының үй-жайы және сорғы жабдығы бөлшектенді, электр цехының жаңа үй-жайы және жаңа сорғы жабдығы орнатылды, машина залында ішкі әрлеу жұмыстары, төбесіне күрделі жөндеу жүргізілді, жаңа терезелер, есіктер және қақпалар, өрт дабылы, өртке қарсы сумен жабдықтау және жылыту орнатылды.

«Біздің өңір үшін қиын жыл болды. Су тасқыны энергетиктердің күш-қуатын, кәсіпқойлығын, жауапкершілігі мен қиыншылыққа қарсы бірлігінің сынағы болады. Бүкіл ұйымның үйлесімді әрекетінің арқасында біз бұл сынақтан абыроймен өттік»- деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский айтты.

2024ж. көктемгі су тасқыны өткеннен кейін энергетиктер бұзылған электр беру желілерін қалпына келтіру жұмыстарын орындады, оның ішінде «Қызылжар Су» бірінші көтергіш сорғы станциясын электрмен жабдықтауын жүзеге асыратын, төрт желі. Су басу қаупі бар, электр желілерінің учаскелерінде мұз кесетін құрылғылар орнатылды. Тұтынушыларды сапалы және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Заречный кентінің, Қызылжар, Мамлют және Шал ақын аудандарының ең тар жерлерінде 4 сақиналы электр беру желісі қосымша салынды.

Өңірдегі 2024 жылдың су тасқыны кезінде саны 140-тан астам адаммен «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ 34 апаттық-техникалық бригада ат салысты.

Бұдан басқа, «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ Петропавл қаласы және облыстың 8 ауданы бойынша жөндеу қоры шеңберінде кернеуі 0,4-110 кВ 629,1 км әуе электр беру желілерін жөндеді, 0,4-110 кВ 45 қосалқы станцияларда жұмыстарды жүргізді. Сондай-ақ 10-110 кВ 194,9 км әуе электр беру желілері қайта жаңартылды, 10 кВ 5,6 км кабельдік желілер тартылды, облыстың қосалқы станцияларында ОРУ 35-110 кВ 10 блок ауыстырылды.

Петропавл 2-ЖЭО-да 2 қазандық агрегатына және 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу, 9 қазандық агрегатына және 4 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар келесі жұмыстар орындалды:

  • сараптама ұйымының №2 түтін мұржасын зерттеуі;
  • қосалқы жабдықты жөндеу;
  • өндірістік ғимараттарды күрделі жөндеу;
  • №2 күл үйіндісінің №3 секциясының қоршау бөгетін ұлғайту;
  • 3 қазандық бойлері ауыстырылды;
  • №3 түтін мұржасында қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылды;
  • теміржол жолдарын күрделі жөндеу;
  • №6 қазандық агрегатының диірмен желдеткіштері ауыстырылды.

«Биіктігі 180 метр түтін мұржасы діңінің құрылысы рекордтық 73 күнде сәтті аяқталды. Қалыптарды бөлшектегеннен кейін қорғаныс қалпақшасын, бағдаршам алаңдарын және жүру сатысын, жарықтандыру құрылғыларын, найзағайдан қорғауды және басқа элементтерді орнату жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың қыркүйек айына жаңа мұржаға №1-6 қазандық агрегаттары қосылады. 2026 жылы оған №7 қазандық агрегаты, №12 қазандық агрегаты ауыстырылады, №3 мұржаға қосады. Осылайша, бұрын №2 мұржада істейтін, барлық қазандықтар екі мұржа арасында қайта бөлінеді. 2026 жылы барлық жұмыс аяқталған соң №2 түтін мұржасын бөлшектеу жоспарлануда»-деп, Анатолий Казановский жоспарымен бөлісті.

Ағымдағы жылы сондай-ақ күл жиналатын үй-жайдың төбесін орнату, таңбалау бояуын, діңнің ішкі бөлігіне химиялық қорғанысты қолдану және қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланды.Түтін мұржасын көтеру- Петропавл 2-ЖЭО қайта құру және жаңғырту инвестициялық бағдарламасының кезекті кезеңі. Бағдарлама толығымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қаражаты есебінен қаржыландырылады.

№1 түтін мұржасы ағымдағы жылдың қазан айының басында пайдалануға беріледі.Петропавл 2-ЖЭО-дағы барлық жабдықтар резервті ескере отырып, тұрақты жұмыс істеп тұр.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ еншілес ұйымдары Солтүстік Қазақстан облысының 165 282 тұтынушыларын, оның ішінде өңірдің 6 729 өнеркәсіптік, коммерциялық және ауыл шаруашылық тұтынушыларын электр энергиясымен, Петропавл қ. 79374 тұтынушыларын жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.