Солтүстік Қазақстан облысының энергетиктері монополияға қарсы ведомство өкілдерімен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.
Таяуда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі талапкерлік жұмыстар және бақылау департаментінің директоры, республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Асхат Жапсарбай мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депратамент директоры Марат Мұстафин «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-нда болды.
Энергетиктермен кездесу өте белсенді әрі өнімді өтті. Айта кету керек, электр желілері компаниясының қызметкерлері Мемлекет Басшысы Жолдауын талқылауға дайындық үстінде болатын, сондықтан бұл істе ерекше белсенділік танытып, насихаттық топ өкілдерімен болған диалогта ұтымды пікірлерді ортаға салды.
Асхат Жапсарбай Президент Жолдауындағы маңызды мәселелерге тоқталды. Марат Мұстафин өз кезегінде энергетиктердің аймақтың энергетикалық әлеуетін дамыту жолындағы жұмыстарына зор баға беріп, бұл істің бүкіл еліміздің экономикалық жағдайына зор ықпал ететінін айтты.
«Біздің кәсіпорын Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларын толықтай қолдайды және біз – энергетиктер, еліміздің алдағы стратегиялық даму жоспарына сай жұмыс жасауға талпынудамыз. «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ бүгінде құрылғыларды жаңғырту мен қайта құрудың ауқымды жобаларын жүзеге асырып, энергия тиімділігі жоғары заманауи технологияларды қолданысқа енгізуде. Жыл сайын компания көрсеткіштері артып келеді: электр энергиясын тасымалдау көлемі ұлғайып, шығын қысқаруда. Мұның бәрі солтүстікқазақстандықтарды электрмен жабдықтау ісінің сапасы мен сенімділігін арттыру үшін жасалуда», – деп атап өтті «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Президенті Александр Рейзлин.
Осылайша, 2013 жылы энергетиктер электр желілерін дамытуға 1 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсады. Алайда бұл қол жеткізген биікте тоқтап қалу электр желілік компанияның ойында жоқ, бірте-бірте, жылдан-жылға саланы қаржыландыру көлемі арта беретін болады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі