«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниясында салауатты өмір салты мен қызметкерлердің спорттық жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Энергетиктер жыл сайын Петропавл қаласы кәсіпорындары арасында өтетін қалалық «Денсаулық» спартакиадасына қатысып, компанияішілік жарыстар өткізеді, сондай-ақ, туристік слеттер мен ұжымдық түрде табиғат аясына серуендер ұйымдастырады. Бұл бағыттағы шаралар үшін компания 2013 жылы 3 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді.

Компанияішілік спартакиада қорытындысы бойынша 2013 жыл маусымының чемпиондарын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасы Еділ Көпенов арнайы құттықтады. Ол «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Президенті Александр Рейзлинге спортшыларының жарыстарда жеткен жеңісі үшін кубок пен кәсіпорын командасына боулингті тегін ойнауға мүмкіндік беретін сертификат табыс етті. Сондай-ақ, жеңімпаз команданың спорттық жетекшісі, соңғы екі жылда компанияның спорттық әлеуетін көтеруге атсалысып жүрген Валерий Антясов арнайы грамотамен марапатталды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компанияішілік жарыстарының қорытындысы бойынша 25 ұпай жинаған «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-дан кейінгі жүлделі орындарды «Севказэнергосбыт» ЖШС (20 ұпай), «Петропавл жылу желілері» ЖШС (16 ұпай) және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (14 ұпай) бөлісті.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі