«Казахстанская правда» газетінде «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамының Президенті Еркін Әмірхановтың сұхбаты жарық көрді. Өз сұхбатында корпорация басшысы еліміздің солтүстік аймақтарында электр және жылумен қамту мәселелері қалай шешімін тауып жатқанын сөз етіп, Елбасы өзінің «Нұрлы жол – путь в будущее» жолдауында алға қойған міндеттерді орындауға «ОАЭК» АҚ қандай үлес қосып жатқанын тарата әңгімеледі.
«ОАЭК Қазақстандағы ең ірі жеке энергетикалық компания болып табылады. Біздің өнідірістік кәсіпорындар – электр және жылу энергиясын қатар өндіретін станциялар болып табылады. Олар – «Павлодарэнерго» және «Севказэнерго» АҚ-на қарасты Павлодар 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Екібастұз ЖЭО, Петропавл 2-ЖЭО. Астана қаласында компания өткізуші құрылым – «Астанаэнергосбыт» АҚ, сондай-ақ, «Ақмола электр желісін тарату компаниясын» бақылайды. Өзінің желілерінің арқасында, ОАЭК жылу және электр энергиясын әрбір тұтынушыға өте жоғары тиімділікпен жеткізу мүмкіндігіне ие. Біз 2 миллион тұрғыны бар, республиканың 12 пайызы мекен ететін аумаққа қызмет көрсетеміз. Компания акционерлерінің құрамына 3 ірі халықаралық институт кіреді, олар – Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия және Ислам даму банктері. Мұндай жетекші халықаралық ойыншылардың компания стратегиясын әзірлеуге қатысуы, сондай-ақ, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ұзақмерзімді қаржыландыру беруі компанияның даму бағдарламасы мен оның корпоративтік басқаруына деген жоғары сенімді көрсетеді», – дейді «ОАЭК» АҚ Президенті Еркін Әмірханов.