Кездесудің негізгі тақырыбы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулерді іске асыруға байланысты, жаңашылдық енгізу болды. Еске саламыз, осы өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушыларды электрмен жабдықтауды меншікті электр желілері бар және кепілді жеткізуші болып танылған, ұйымдар ғана іске асырады. Осы рөлді «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ атқарады.

Ұқсас өзгерістер жылумен жабдықтауға да қатысты. «Электр энергетикасы туралы» жаңа Заң тұтынушыларға жылу энергиясын сатуды жылу тасымалдау ұйымдар іске асыратынын, олардың ішінде «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС негізгі рөлді атқаратынын, белгілейді.

Анатолий Казановский отырыс қатысушыларына электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтауға арналған барлық жасалған шарттар бекітілген Үлгілік нысандарға толық сәйкес екендігін, хабарлады. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Бірыңғай ақпараттық-есеп-айырысу орталығы белгіленген талаптарды қатаң сақтайтынын және барлық берілген төлем құжаттары Үлгілік нысанға сәйкес келетінін, атап өтті. Осы нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №249 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Бұдан басқа, Анатолий Казановский жылу мен электр энергиясына тарифтер қалай қалыптастырылатынын, толық түсіндірді. Ол тарифтер шикізаттың (көмір) құнын, өндірісті, энергияны тасымалдауды және таратуды,сондай-ақ инфрақұрылымды ұстау және жаңғыртуға кететін шығындарды қоса, көптеген факторларды ескеріп, есептелетінін, айтты. Энергия тиімділік және жылумен жабдықтау мәселелеріне аса көңіл бөлінді. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры энергиямен жабдықтау бойынша заманауи технологиялар мен шараларды енгізу тұтынушылардың шығындарын ғана азайтпайды,сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді азайтатынын, атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің, Табиғи монополияларды реттеу бойынша департаменттің (ТМРКД) және СҚО қоғамдық кеңестің өкілдерінің қатысуымен бірлескен комиссия құру туралы шешім қабылданды.Комиссияның негізгі міндеті туындайтын мәселелерді заңнамалық деңгейде жедел шешу, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету болмақ. Бұл шешім энергетикалық компаниялар, мемлекеттік органдар мен СҚО қоғамдық кеңес арасындағы диалогты нығайтудағы тағы бір маңызды қадам болды, бұл коммуналдық қызмет саласындағы мәселелерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді.