«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорын тобының төрт қызметкері Петропавл қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
Халықаралық әйелдер күніне орай адал, мінсіз еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Петропавл 2-ЖЭО отын-көлік цехының отынмен жабдықтау машинисі-Галина Моор, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ релелік қорғаныс, электр автоматика және өлшемдер қызметінің технигі-Наталья Шефер, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС пайдалану қызметінің диспетчері-Ирина Демяненко, «Севказэнергосбыт» ЖШС №3 сервис-орталығының бақылаушысы- Анастасия Гертель Петропавл қ. әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!