«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы «Жер сағаты» акциясына қосылды. 22 наурызда сағат 20:30 бастап сағат 21:30-ге дейін кәсіпорындар жер шарының болашағына және экология мәселелеріне бей-жай қарамайтындық белгісі ретінде ғимараттардың жарықтандыруын ажыратты. Бұл символдық әрекет энергияны үнемдеудің, ресурстарды ұтымды тұтынудың және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын көрсетеді.