«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобы өңір тұрғындары үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, іс-шаралар аясында өткен ашық есік күніне қатысты. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобының басшылары азаматтардың сұрақтарына жауап берді және тарифтерді қалыптастыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасына және өңірдегі энергетика саласын дамыту перспективаларына байланысты, негізгі мәселелерді түсіндірді. Тарифтерді есептеу тетіктерінен бөлек, энергия ресурстарын үнемдеу жолдары мен халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау бағдарламалары сияқты тақырыптар талқыланды.
Кездесуге қатысушылар тарифті көтеруге қатысты мәселеге ерекше назар аударды. Энергетикалық кәсіпорындардың басшылары тарифтер көптеген факторларды, соның ішінде отын құнын, инфрақұрылымды ұстауға жұмсалатын шығындарды және жабдықты жаңғыртуға жұмсалатын инвестицияларды есекере отырып, қалыптасатынын түсіндірді.
Ашық есік күні «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мен өңір тұрғындары арасындағы сенімді нығайту жолындағы тағы бір қадам болды, сондай-ақ компаниялар тобының өз тұтынушыларының мүддесі үшін жұмыс істеуге, оларды сенімді және сапалы жылу және энергиямен қамтамасыз етуге дайын екендігін растады.