2023 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобы барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын орындады.
«Солтүстік Қазақстан ЭлектрЖелістік Тарату Компаниясы» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысының 8 аудандары бойынша 0,4-220 кВ кернеумен 749,686 км электр жіберетін әуе желілерін жөндеді, 0,4* 220 кВ 56 шағын станцияда жұмыс жүргізілді.
Бұдан басқа, облыста 0,4 кВ 18,8 км электр жіберетін әуе желілері қайта жаңартылды, 35 кВ 4 және жоғары шағын станцияда қуат жабдығы ауыстырылды, 10/0,4 кВ 20 трансформаторлық шағын станцияларға 2024 жылы ауыстыру үшін қуат жабдығы сатып алынды.
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС инвестициялық бағдарлама аясында Петропавл қаласында Сәтпаев к. бойы жылу магистралін қайта жаңарту бойынша жобаны аяқтады.
Қайта жаңартылған учаске ұзындығы 1, 021 км құрады (Кошуков к.-нен Фрунзе к.-не дейін Сәтпаев к. бойы құбыр участогі).
Ружейников к. бойы жылу магистралін қайта жаңарту және №1 сорғы станциясын күрделі жөндеу бойынша жобалау жұмыстары аяқталды.
2024 жылы кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары орындала отырып, жұмыс жобасының кешенді ведомстводан тыс сараптамасы жүргізілетін болады.
Петропавл 2-ЖЭО-да 4 қазандық агрегатына, 1турбоагрегатына күрделі жөндеу, 7турбоагрегатына, 6 турбоагрегатына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
№2,№3 түтін құбырына ағымдағы жөндеу жүргізілді (сараптама ұйымы тексерді), №10 ҚА ММА балғалы үгіткішке ағымдағы жөндеу жүргізілді;
жаңа түтін құбырының құрылысы үшін инженерлік желілерді шығару арқылы іргетас орнату, жұмыс жобасы әзірленді;
1-25 осьтерде «Д» қатары бойынша түтін шығару бөлігінің бағандарына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді;
қосалқы жабдыққа жөндеу жүргізілді;
механикалық автомобиль таразыларын жаңғырту, ортақ газ жолы бөлігін қайта жаңарту (№2ДТ-ға ауыстырып қосу), түтін шығару бөлігі ғимаратын қайта жаңарту жүзеге асырылды;
жалпы газ жолының бөлігін қайта жаңартуға байланысты, нормативтік құжаттар әзірленді, тензометриялық вагон таразыларына жаңғырту жүргізілді.
Жылу станциясы ағымдағы жылыту маусымын тұрақты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 2024-2025 ж.ж. маусымында үздіксіз жұмыс үшін барлық ресурстар бар.
Тік осьтен кейінгі ауытқуға әсер еткен, конустық сырғанау қалыптарында ақауды анықтауға байланысты, 08.08.2023ж. бастап «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мамандары тарапынан мердігер ұйымның түтін құбырының құрылысы бойынша одан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуіне тыйым салынды. Барлық есептер аяқталғаннан кейін түтін құбыры құрылысы жобасының авторы- Ғылыми -өндірістік фирма «Севказэнергопром» ЖШС «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ атына ресми қорытынды ұсынды.
Жобалау институның бас директоры Владимир Пешков түсіндіргендей, «сырғанау қалыбының жүйесін дұрыс орнату үшін, оны монтаждау үшін қосымша конструкцияларды көтеруге уақытша және еңбек шығындарын жою және бастысы «орнатылған көтерілетін құрылыс бөліктерінің арасында «суық буынды» жою, арматуралық саңылауларды сақтай отырып, іргетасқа дейін темірбетон қабығының орнатылған бөлігін бөлшектеу қажет».
«Жобалау институтының қорытындысын негізге ала отырып, 2014 жылдың 1 наурызына дейін түтін құбырының ствол құрылысының орнатылған бөлігін бөлшектеуді аяқтаймыз, ал сосын «ТеплоХимМонтаж» АҚ қосалқы мердігермен бірлесіп 1 сәуірден бастап +5С орташа ауа температурасы орнатылған кезде қосалқы мердігердің технологиясын пайдалана отырып, түтін құбырының құырылысына кірісеміз. Сонымен қатар түтін құбырының ствол құрылысының мерзімі, сондай-ақ жоба сомасы өзгеріссіз қалады,2024-2025ж.ж. жылыту маусымының басталуына қарай дайындықты қамтамасыз етеміз»,- деп «Казтеплоспецстрой» ЖШС бас директоры Константин Бигожин атап өтті.
Еске саламыз, тұтін құбырын көтеру- Петропавл 2-ЖЭО қайта құру және жаңғырту инвестициялық бағдарламасының кезекті кезеңі. Бағдарламаны қаржыландыру «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және акционерлер қаражаты есебінен толық жүргізіледі.
Биіктігі 180 метр құрылыс қолданыстағы құбырды және бір бөлшектенген құбырды ауыстырады. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңа түтін құбырына станцияның 12 қазандық агрегатынан 7 агрегат қосылатын болады. Түтін құбырының құрылысы бойынша жобаны іске асыру Петропавл 2-ЖЭО қосымша сенімділігін қамтамасыз ететінін, атап өткен жөн.
Анықтама:
«Казтеплоспецстрой» ЖШС және «ТеплоХимМонтаж» АҚ қосалқы мердігер 2022 жылы Павлодар қаласында түтін құбырының темірбетон стволы құрылысы бойынша жобаны сәтті іске асырды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ- энергиямен қамтудың барлық кезеңдерін (генерация, тасымалдау, жылу және электр энергиясын сату) қамтамасыз ететін, тігінен интеграцияланған энергетикалық компания.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кіреді:
- Петропавл 2-ЖЭО;
-«Солтүстік Қазақстан ЭлектрЖелістік Тарату Компаниясы» АҚ
- «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС
- «Севказэнергосбыт» ЖШС.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ еншілес ұйымдары Солтүстік Қазақстан облысының 165 891 тұтынушыларын электр энергиясымен, сонымен қатар өңірдің 8 115 өнеркәсіптік, коммерциялық және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын; Петропавл қ. 78 049 тұтынушыларын жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.