Солтүстік Қазақстан топырағы энергетиктер әулеттерімен даңқты. Бұл өңірдегі қанатын ең кеңге жайған әулет – Аққайың электр желілерін тарату компаниясында қызмет етеді. Смирново ауылында тұратын Червоненко отбасын аудан орталығында танымайтын адам жоқ. Олар әрдайым көз алдында, өйткені олар бүкіл ауданды бірнеше ондаған жылдардан бері электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде аудандық электр жүйелері кәсіпорнында бұл отбасының 18 өкілі еңбек етеді.
«Солтүстік Қазақстан Электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-на өткен жылы 50 жыл толды. Ал дәл осы электр желілерінде жұмыс жасайтын Червоненко отбасы энергетиктерінің жалпы жұмыс өтілі – 250 жыл. Міне, қараңыз, желілер де, қызметкерлер де бізге электр энергиясын сыйға тартты, олардың халыққа қалтқысыз қызмет етуіне жағдай жасап келеді.
«Электр желілері құрылғыларын онымен жұмыс жасайтын білікті мамандарсыз елестету мүмкін емес. Күн сайын оның жұмыс жасауын қаматамасыз етіп отыру керек, өйткені тек осы жағдайда ғана біздің тұрғындардың үйлерінде үздіксіз шам жанып тұрады. Бұл жерде біздің еңбегіміз өте зор. Мен бұл салада 16 жасымнан қызмет етіп келемін. Менің есебімше, біздің отбасының электр желілері кәсіпорнындағы жалпы жұмыс өтілі 250 жылдың шамасында. Менен кейін энергетика саласына жұбайым – Ольга, балаларым – Владимир мен Марина қадам басты. Немерелерім өсіп келеді. Кім біліпті, мүмкін олар да әрі құрметті, әрі қызықты энергетика мамандығын таңдайтын шығар. Олай болса, мен тек қуанар едім. Компанияның 50 жылдығына орай барлық әріптестерімді мерейтоймен құттықтап, мол денсаулық тілеймін» дейді әулет басшысы, Аққайың ЭЖК электрослесарі Николай Червоненко.
Бір қызығы, Червоненко әулетінің өкілдері Аққайың ЭЖК-ның барлық саласында қызмет етеді екен. Тапсырыс та қабылдайды, апаттық бригадаларды қалыптастырады, электр желілері құрылғыларымен де жұмыс жасайды. Бірақ қажет жағдайда, бір-бірінен көмегін аямайды, қолғабыс етуге, тәжірибелерімен бөлісуге әркез дайын.
«Мен диспетчерлік бөлімде 29 жылдан бері еңбек етіп келемін. Осы қызметте жүріп, күйеуіммен таныстым, тұрмысқа шықтым. Әріптестеріміздің жиі айтатын қалжыңы бар, «Телпегіңді қайда лақтырсаң да, Червоненкоға тиеді» деген. Расымен солай. Аққайың ЭЖК-ындағы әрбір үшінші қызметкер – Червоненко. Компаниямыздың 50 жылдық мерекесіне орай, әріптестерімді, диспетчерлерді құттықтап, ешқашан апаттық жағдай болмауын, байланыстың үзілмеуін, барлық жүмыстың әруақыт жоспарға сай жүзеге асуын тілеймін» дейді Аққайың ЭЖК диспетчері, Николайдың бауыры Татьяна Саенко (Червоненко).
Червоненко әулеті – біртұтас команда секілді. Бұл жандардың бір-бірін ымнан түсінетініне таң қаласыз. Сірә, мұндай қабілетке ешбір университет не колледж мамандандырмаса керек. Әулеттің еңбектегі басты принципі – өз сүйікті ісіне беріле қызмет ету, күн сайын өз-өзін жетілдіру және жас буынмен жинаған тәжірибелерімен бөлісу болып табылады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі