Осы жылы «ОАЭК» АҚ спартакиадасы Павлодар қаласында тек қалаларды ғана емес, және де елдерді біріктірді. Астанадан, Павлодардан және Петропавлдан келген энергетик-футболшылармен қатар Беларусь елінен қонақтар жарысқа шықты.

Жарыс 3 түрде өткізілді: шағын-футбол,үстел теннисі және бильярд. 9 команда қатысты: Green Energy-ОАЭК біріктірілген командасы, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «АТЭК» АҚ құрама командалары. Сондай-ақ «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС, «EurasianTech» ЖШС, «Казахтранссервис» АҚ өкілдері және «Минскэнерго» РУК Беларусьтен келген – спартакиаданың арнайы қонақтары қатысты.

 

Екі күннің қорытындысы бойынша спорттың үш түрі бойынша жалпы есепте бірінші жалпы командалық орынды алған, спартакиада жеңімпазы және ауыспалы кубоктың иегері – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы болды.

 

Шағын-футболда «Минскэнерго» РУК Беларусь Республикасынан келген қонақтар алтын мен кубокты әкетті. Екінші орынды «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ футболшылары алды, ал жарыстың құрметті қоласына «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ спортшыларының еңбегі сіңді.

 

Үстел теннисінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қатысушылары мықты болып шықты, күмісті «АТЭК» АҚ теннисшілері алды, қола - Green Energy - ОАЭК біріктірілген командасында.

 

Бильярд бойынша жарыста бірінші орынды «Павлодарэнергосбыт» ЖШС бас директоры – Талгат Аргинов алды. Екінші орынға марапатты «ОАЭК» АҚ басқарма бастығы – Багдат Орал алды, үздік үштікті «Энергетик» Теннис орталығы» ЖШС басшысы-Алмаз Рахимжанов алды.

 

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

 

Теннис:

«Үздік ракетка» – Султан Темиргалиев, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ;

«Үздік лақтыру» – Анель Нуркаева, «Қазтранссервис» ЖШС;

«Үздік ойын стратегиясы» – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы;

«Көрермендер таңдау сыйлығы» – Green Energy -ОАЭК біріктірілген командасы.

 

Бильярд:

«Ең жылдам және дәл» – Алмаз Рахимжанов, «Энергетик»Теннистік корт» ЖШС

«Ең ұзын серия» – Талгат Аргинов, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ;

«Ең алыс соққы» – Багдат Орал, «ОАЭК» АҚ;

«Ең дәл соққы» – Игорь Жур, энергетика, газ және отын өнеркәсібінің Белорусь кәсіптік одағы.

Шағын-футбол:

«Үздік қақпашы» – Николай Максимов, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ;

«Үздік шабуылшы» – Адильбек Абылкаир, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ;

«Үздік ойыншы» – Василий Ефимов, «Минскэнерго» РУК;

«Көрермендер таңдау сыйлығы» – Нурболат Сарбасов, Green Energy -ОАЭК біріктірілген командасы.

 

Әріптестерді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және Петропавл қ. 2025ж. «ОАЭК» АҚ спартакиадасына қатысуға шақырамыз!