Жұлдызы – тауешкі
Сүйікті гүлі – бөлме кактусы
Сүйікті фильмі – «Жестокий романс»
Сүйікті жыл мезгілі – жаз
Таныс болыңыздар! «Петропавл жылу желілері» ЖШС оқшаулаушылар бригадасының шебері Раушан Күшікова. Раушанмен кездесуге бара жатқанда, ойымызда орта жастағы, ірі денелі еңбекші әйелді елестеткеніміз бар. Шамасы, өндіріс үздігін Некрасов еңбегіндегі «жүріп келе жатқан атты тоқтатып, жалынға оранған үйдің өртін өшірер» әйел бейнесімен салыстырсақ керек. Алайда ойдың әдетте алдамшы келетініндей, бұл жолы да қателескенімізді мойындадық. Раушан жас та сүйкімді ару қыз болып шықты. Бет-әлпеті, тырнақтары сәнденген, өзіне жарасымды шаш үлгісін қойған, ал жанары болса, өткір де сұлу. Міне, кәсіпорындағы жалғыз оқшаулаушылар биргадасының бригадирі – осы Раушан. Мықты жүмысшы, құбырларды оқшаулау ісін түбегейлі өзі бақылайды. Бригада атқаратын кез-келген жұмыс түрі оның қолынан келеді.
Раушан мұнда 2008 жылдың тамыз айында маусымдық жұмыстарға орналасуға келген. Бұл уақытта ол ата-анасымен бірге туған Таранкөл ауылынан қалаға көшіп келген болатын. Үйде ақша жетпегендіктен, үнемі қосымша жұмыс іздеп жүретін. Кейін әкесі оған маусымдық жұмыстарға орналасуға ақыл қосады. «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нде оны бояушының көмекшісі ретінде жұмысқа алып, 1,5 айға келісім-шартқа отырады. Оның жұмысқа деген ынта-талабын көрген басшылық келісім-шартты алдымен жаңа жылға дейін, кейін мамырға шейін созады. Ал бұл уақытта оқшаулаушылар бригадасында жұмыс орны босап, Раушан сол орынға сұранады.
«Құбырларды оқшаулау күш пен тәжірибені талап етсе де, әйел болғаныма қарамастан, бригада мені жақсы қабылдады. Бұл жұмыс ісімізге кедергі келтіретін бұтақтарды кесуден басталады. Құбырларды оқшаулауға ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс. Одан кейін құбырлардың ескі қаптамасын шешіп, жұмыс аумағын тағы да толықтай тазартамыз. Әйтпесе, жұмыстың келесі сатысы – құбырларды мақта, сым, жартылай сфера, металл жапырақшалармен қаптауға мүмкіндік болмайды. Кейде құбырлар құмға көміліп қалған болады, ондайда құбыр тазалау мен қоқыс шығаруға қосымша күш-қуат жұмсауға тура келеді», – дейді Раушан өз жұмысы жөнінде.
Бүгінде Раушан басқаратын ұйымшыл ұжымда негізгі 6 оқшаулаушы, сондай-ақ, қосалқы көптеген жұмысшылар еңбек етеді. Таяуда, 2014 жылдың қаңтарында Раушанды бригада шебері лауазымына көтергеннен кейін оның қызметіне оқшаулау жұмыстарынан бөлек, зақымданған жылу трассаларында жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру да кіреді. Қызмет ауысқаннан кейін Раушанның мойнындағы жауапкершілік те артқан. Алайда бұрынғысынша жұмыстар кез-келген ауа райы, кез-келген жыл мезгілінде жүргізіле береді.
Өз шеберін бригаданың ер азаматтары да тыңдайды. Жұмыстың сәтті жүзеге асуы үшін Раушанға кейде «еркекше» сқйлеуге де тура келеді. Өйткені, өндіріс талабы қатал. Десе де, Раушан басшылық тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен сенімге дән риза. Басшылық болса, оның жұмысқа адалдығын ерекше бағалайды. Қазір Раушан Петропавл темір жол колледжінде «Жылу технигі» мамандығы бойынша білім алады, 2 курс студенті. Айта кету керек, оның білім алуына қолдау көрсеткен де өзі жұмыс жасайтын кәсіпорын басшылығы. Демек, Раушанның болашағы алда деген сөз. Бастысы, өз ісіңе деген махаббаттан жаңылмау қажет. Ал қалғаны өз орнымен болатын нәрсе.
Осындай кездесулерден кейін еріксіз жұлдыз жорамалға сене бастайсың. Өйткені жұлдыздар Раушанның тағдырын айтнытпай қағазға түсіріп қойғандай.
Жұлдыз-жорамал, Тауешкі әйелдер: «Егер Тауешкі әйел бірдеңені қатты қаласа, көптеген қиындықтарды өткерсе де, оған түбі қол жеткізеді. Бұл жолда ол ұзақ жылдар бойы қалтқысыз еңбек етуге дайын. Оларды жас күнінде ірі компанияның басшылық қызметінен көрсеңіз, таңданудың еш қажеті жоқ. Ал аздан соң, ірі құрылымның басшылығына да көтеріледі. Оның өмір жолында кездескен қиындықтар оны құлатпайды, қайта керісінше оған күш береді. Бар жетістігіне еңбекпен қол жеткізгендіктен, Тауешкі әйелдерде жауапкершілік, талапшылдық сынды қасиеттер оянады».
Солай болғай, Раушан. Жұлдыз жорамалда сондай-ақ: «Тауешкі әйелдер мықты әйел бейнесінің астында жаны таза, нәзік, мөлдір әлемін жасырып ұстайды». Жұлдыздар бұл жағынан да қателеспеген. Раушан бізге «Жестокий романс» фильмін қанша көрсе де басты кейіпкер Лариса Дмитриевнамен бірге күліп-жылап шығатынын айтқан. Ол сондай-ақ, өз ата-анасы мен іні-сіңлілерін қатты жақсы көреді. Тағы... Ал бұл «тағы» біздің кейіпкер Раушан Күшікованың жұмбағы боп қалсын!
«ОАЭК» АҚ еншілес компаниясы
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі