Петропавл 2-ЖЭО  жылыту маусымынының  өтуі туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов  Петропал 2-ЖЭО-да болды, жылыту маусымынының  өтуімен танысты.  

 

 

Жазғы жөндеу науқаны кезеңінде  4 қазандық агрегатына, 1 турбоагрегатқа күрделі жөндеулер, 7 қазандық агрегатына, 6 турбоагрегатқа  ағымдағы жөндеулер, негізгі және қосалқы станцияның жөндеуі жүргізілді. Түтін құбырларына сараптама ұйымы тексеру  жүргізді және күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұл шаралар 2023-2024 жылдардың жылыту маусымын  штаттық режимде өтуіне  және  тұтынушыларды   жылумен және ыстық сумен   қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.    

Өңірді жылумен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмысты жалғастыра отырып,  ағымдағы  жылда жөндеу кампаниясымен  жоспарланды:  екі қазандық агрегатын және екі турбоагрегатын күрделі жөндеу, №1 турбоагрегатты қайта жаңарту, негізгі және қосалқы  жабдықты жөндеу, №2 күл үйіндісінің №3 секцияның қоршау бөгеттерін ұлғайту, Петропавл 2-ЖЭО бас корпусының  және химиялық цехтың  ғимараттарын күрделі жөндеу. 15 мамырдан бастап  +5С-дан орташа  тәуліктік   ауа  температурасы  орнатылған  кезде кәсіпорын  қосалқы мердігердің технологиясын  пайдалана отырып, №1 түтін құбырының  құрылысы қайта жалғасады.    

Сонымен бірге, қазіргі таңда  Петропавлда «Жас Өркен»,  «Зайсан», «Копай», «Береке» шағын аудандарында  белсенді құрылыспен  ұзақ мерзімді  даму жоспары жүзеге асырылуда. Көппәтерлі үйлердің құрылысы    жылыту  сапасы ретінде тұтынылатын жылу энергиясы көлемінің өсуі болжанады.  Жылу энергиясының тапшылығын болдыртпау үшін станцияда    жылу енгізу таңдауды, сондай-ақ бойлерлік қондырғыларды орнату арқылы №1  турбоагрегатты қайта жаңарту жоспарланды. Осының нәтижесінде энергетиктер   70 Гкал/с-қа станцияның жылу қуатын арттыруды күтеді.        

Негізгі жоспарларды орындау  генераторлық станцияға  басты міндетті орындауға- қалалықтарды үздіксіз және сапалы жылумен жабдықтау үшін  қажетті жүктемені арқалауға, электр және жылу энергиясының өндіріс көлемін ұлғайтуға, апат  қаупін азайтуға және тоқтауларды жоюға,  жабдықтың сенімділігін арттыруға  мүмкіндік береді.   

 

Анықтама:

   «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-  жылу және электр энергиясын генерациялау, тасымалдау және   өткізу бойынша   Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорнын қосатын,  тігінен бірікітрілген компания.    

 

 «СЕВКАЗЭНЕРГО»  АҚ құрамына  кіреді:

- Петропавл 2-ЖЭО; 

-«Солтүстік Қазақстан ЭлектрЖелістік Тарату Компаниясы» АҚ 

- «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС

-  «Севказэнергосбыт» ЖШС.

 

 «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ еншілес ұйымдары Солтүстік Қазақстан облысының  165 891 тұтынушыларын электр энергиясымен,   сонымен қатар  өңірдің   6 586  өнеркәсіптік, коммерциялық және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын; Петропавл қ.  78 398   тұтынушыларын жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.