«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ экологиялық қауіпсіздікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударады, өйткені өнеркәсіптік өндіріс адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатымен тура байланыста. Экологиялық саясат шеңберінде компания міндеттерінің бірі цифрландыру жолымен қаршаған ортаны қорғау саласындағы процестерді үздіксіз жақсарту болып табылады.
2023 жылғы желтоқсан айында Петропавл 2ЖЭО №3 түтін мұржасында атмосфераға ластағыш заттардың тасталуына мониторинг жасау автоматтандырылған жүйесі (МАЖ) орнатылды. Бұл техникалық жабдықтар кешені атмосфераны ластайтын ауаға тасталатын заттарды өлшейді және есепке алады, ақпаратты тіркейді және тапсырады. Жұмысқа қосу-реттеу процестері 2024 жылдың қаңтар айында аяқталды, ал мамыр айында бұл жүйе пайдалануға енгізілді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Николай Максимов - «МАЖ осы уақыт режимінде азоттың оксиді мен диоксиді, көміртектің оксиді, күкірт диоксиді, шығатын газдардағы шаң мөлшерін бақылауға, ағын жылдамдығын өлшеуге, газ-ауа қоспасының көлемін, қызуы мен оттегінің болуын, қысымы мен ылғалдығын өлшеуге мүмкіндік береді» – дейді.
Жүйе әр 20 минут сайын орталықтындырылған мәліметтерді құрастырады және осы уақыт режимінде оларды «Қоршаған ортаны қорғау мәліметтерінің ұлттық банкі» ақпараттық жүйесіне және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-не тапсырып тұрады. Архивтелген ақпараттың сақтаулу мерзімі - 5 жылдан кем емес.
2025 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жаңа №1 түтін мұржасында баламалы жүйесін орнатады, және де ластандыратын заттардың тасталуына бақылау жасау үшін МАЖ Есіл өзеніндегі су төгілетін орнына орнатылады.
Осындай тамаша жүйелерінің пайдалануға енгізілуі – ол кәсіпорынның жаңғыртылуының маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар экологиялық тиімділігі мен айқындығының көтерілуі болып табылады.