4 айдан бері «Севказэнергосбыт» ЖШС-нде Байланыс орталығы жұмыс жасап тұр. Күн сайын мұнда көпарналы 500-666 телефон номері арқылы компания тұтынушыларынан энергиямен қамту мәселелері бойынша қоңыраулар қабылданады.
Дербес шотыңыздың жағдайы жөнінде білгіңіз келе ме? Есеп құралының көрсеткішін хабарлау керек пе? Қала бойынша электр және жылу энергиясының жоспарлы және жоспардан тыс ажыратулары туралы білгіңіз келе ме? Мүмкін энергиямен қамту саласы бойынша тиісті шаралардың тәртібі мен құжаттары қызықтыратын болар? Байланыс орталығының білікті мамандары Сіздің осы тектес барлық сұрақтарыңызға көпарналы 500-666 номері арқылы жауап береді. «Севказэнергосбыт» ЖШС Сервис орталығы Жұмабаев көшесі, 66-үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
«Тәжірибе Байланыс орталығын құрудың маңыздылығын көрсетіп берді, – дейді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Тамара Пашкова. – Орталық жұмыс жасай бастаған күннен бері бұл қызмет түрін 35 мың тұтынушы пайдаланған. Қабылданған қоңыраулар саны ай санап өсіп келеді. Мәселен, қаңтарда орталық мамандары 8888 қоңырау қабылдаса, ақпанда – 13042, наурызда – 13639 қоңырау қабылдаған. Стандартты сұрақтарға автоматты түрде жауап беретін Интерактивті дыбыстық жауап жүйесін 1500 тұтынушы қолданған. Әрине, бұл біздің Байланыс орталығы үшін өте жоғары көрсеткіштер. Алдағы уақытта компанияның тұтынушылармен байланыс орнату жүйесі тек жақсара береді деген сенімдеміз».
Ағымдағы жылдың екінші кварталында «Севказэнергосбыт» ЖШС жаңа сервисін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ сайтына енгізу жоспарланып отыр. Бұл тұтынушыларға үйден шықпай-ақ, жеке дербес шотының жағдайын біліп, электр энергиясы мен судың есептегіш құралдарындағы көрсеткіштерді жазып, шот-квитанциялардың дубликатын және сондай-ақ, заңды тұлғалар бойынша шот-фактура мен тұтынушы карточкасын да басып шығаруға мүмкіндік береді.
«ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі