«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО қуаты одан да өсті: жылу-электр орталығында желіге жаңа К-63-90 турбоагрегат қосылды. Осылайша, Петропавл 2-ЖЭО-ның орнатылған электр қуаты 455 МВт құрайды. Турбоагрегатты пайдалануға беру жыл ішінде электр қуатын 500 млн кВтс астам өндіруге мүмкіндік береді.
«Жаңа турбоагрегаттың енгізуі станция жұмысының сенімділігін және үнемділігін көтереді, генерациялайтын жабдықтың тозуын 14%-ға төмендетеді. Өнімнің данасын шығаруына отынның үлесті шығыны азаяды, бұл жылына 37 мың тоннаға дейін көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Леонид Ларичев. – Компания жоспарында - №5 ст. турбоагрегатты, №1 және №2 қазан агрегаттарды ауыстыру, №12 ст. қазан агрегатты қайта құру. Жаңа жабдықтарды іске қосу арқасында станцияның мүмкіндіктері едәуір өседі, ол аймақтың жылу және электр қуатында өсіп жатқан мұқтаждықтарын қамсыздандыруға, сондай-ақ бизнес-жобалардың және Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік береді».
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО кеңейту және қайта құру тұжырымдамаға» сәйкес, 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін 7 турбоагрегатты және 6 қазан агрегатты ауыстыру мен қайта құру бойынша жоспарлар жүзеге асырылып жатыр: турбина цехінің жабдығы 71%-ға, ал қазандық цехінің 50%-ға жаңартылады. Бу турбиналарды және қазан агрегаттарды қайта құрудың барлық жоспарлары технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТП БАЖ) енгізуді көздейді, бұл жабдықтың өнімділігін көтереді және станцияның экологиялық көрсеткіштерін жақсартады.
Шекті тарифтердің мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері бойынша, жаңа активтерді құру, сондай-ақ оларды кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта құру және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО техникалық қайта жарақтандыру үшін салынған инвестициялардың мөлшері 34,5 млрд теңгеден астам құрайды, олардың ішінде 76,7% 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін игерілген. Шекті тарифтер бағдарламасының қаражаттарынан басқа, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өндірістік активтерді жаңғырту әсерін арттыру үшін өз капиталын инвестицияға салады және халықаралық қаржы институттардың инвестицияларын тартады.