Петропавл 2-ЖЭО-да облыс әкімі- Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен 2024-2025жж. жылыту маусымына дайындық бойынша кеңес өтті. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры- Анатолий Казановский облыс басшылығына кәсіпорынның күзгі-қысқы кезеңмен тұрақты өтуін қамтамасыз ететін, іс-шаралар туралы хабардар етті.Петропавл 2-ЖЭО-да кезекті жылыту маусымы қарсаңында барлық дайындық іс-шаралары аяқталуда. Жылу электр орталығының жыл сайынғы жөндеу науқаны-бұл, ең алдымен, негізгі және қосалқы жабдықтардың сенімділігін арттыру, сондай-ақ отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайту. №9 қазандықтың және №3 турбоагрегаттың күрделі жөндеуі аяқталды. 12 бірлік жабдыққа ағымдағы жөндеу аяқталды: № 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12 қазандық агрегаттың және № 2, 4, 5 турбоагрегаттың. Қазір №1 қазандық агрегаттың және № 6 турбоагрегаттың күрделі жөндеуі жалғасуда. №7 турбоагрегаттың ағымдағы жөндеуі 71% -ға орындалды және жалғасады. Айта кету керек, негізгі жабдықты кезекпен іске қосу стансаның жылыту маусымында жылу және электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ету қабілетіне әсер етпейді. Сонымен қатар Петропавл 2-ЖЭО қазан айының бастапқы жүктемелері үшін ендігі қатардағы 5 қазандық агрегаты және 5 турбоагрегаты жеткілікті. Қыстың басталуына Петропавл 2-ЖЭО сондай-ақ қажетті көмір қорымен қамтамасыз етілді. 6 қыркүйек жағдай бойынша барлығы қоймада негізгі отынның 128 279 тоннасы бар, қазан айына көлем 173 935 тоннаға дейін артады, бұл маусымдық нормативтерге толығымен сәйкес келеді. Жылу және электр желілерінде жүргізілетін, жөндеулерге келетін болсақ, олар қысқы жағдайда жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған, ал жүзеге асырылып жатқан жобалар энергия ресурстарын тұтынушыларға беру мүмкіндігін арттырады. Сонымен, "Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС ұзындығы 1,510 км, 2Ду500мм №3 жылу магистральдық құбырының учаскесін қайта жаңарту бойынша жоба аяқталды. 2Ду400-500мм №6 жылу магистральдық құбырының учаскесін қайта жаңарту бойынша жұмыс басталды. Қайта жаңартылатын құбырдың жалпы ұзындығы 1,7 км құрайды, оның ішінде ағымдағы жылда шамамен 0,4 км ауыстыру жоспарлануда. "Инвестицияның орнына тариф" бағдарламасы шеңберінде "№1 сорғы стансасын күрделі жөндеу" жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы, жылу энергетиктері Петропавл қ. бойынша 4 853желілік метр құбырларды ауыстырды. Қаланың жылу магистраліндегі әлсіздіктерді жыл сайынғы гидравликалық сынақтар, сондай-ақ өткен қыстағы тәжірибе көрсетті. Бекіткіш арматураның 188 данасы ауыстырылды, 15 жылу камерасына және 2,84 км жылу оқшаулағышқа жөндеу жүргізілді. Жұмыс жалғасуда. "Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ желілік инфрақұрылымды дайындау аясында кәсіпорын 0,4-220 кВ 246,385 км әуе желілерінде және 0,4-220 кВ 39 қосалқы стансаларда жұмыс жүргізді, сондай-ақ кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасында көзделген, қуат жабдықтары мен негізгі құралдарды жөндеу және қайта жаңарту бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды. Су тасқыны кезінде бұзылған, электр желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жалпы алғанда, су тасқыны кезеңінде және қалпына келтіру жұмыстары басталғаннан бері Шал ақын, Қызылжар аудандарында және Петропавл қаласында энергетиктер 648 жаңа тірек пен 131 километр сымды орнатып үлгерді. Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады.