Людмила Алексеевна Филонованың еңбек кітапшасында Петропавл 2-ЖЭО-нан басқа жұмыс орны тіркелмеген. Шыны керек, жүрегінде де. Ол мұнда үлбіреген жас қыз кезінде келіп, әлі күнге дейін өз ісіне адал болып қалуда. Өзінің кәсібилігі мен еңбекқорлығы арқасында Людмила Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтың алғысына бөленген.
Бұл ауыр қызметте 38 жылын өткерсе де, әлі күнге қимылы шалт, көңіл-күйі – шат. Людмилаға күл тозаңы мен ауыр физикалық еңбек, жұмысының өзге де технологиялық қиындықтары түк әсер етпейтіндей. Ол жылуэлектрорталығында химиялық цехтің май және газ бойынша техник-химигі болып қызмет етеді.
«Мектептен соң бірден станцияда жұмыс жасай бастадым. Бұл 1976 жыл болатын. 2-ЖЭО-нда менің көптеген туыстарым жұмыс жасайтын. Алғашқы 5 жылда вахталық әдіспен арнайы сараптама орталығында жұмыс жасадым. Кейін отын лабораториясына отын бойынша лаборант, соңыра отын бойынша техник болып ауыстым. Челябинск қаласында біліктілігімді арттырған соң мені май мен газ бойынша лаборант-техник қызметіне бекітті», – дейді Людмила Алексеевна өз еңбек жолы жөнінде.
Ал Людмиланың жұмысының өз қызықтары бар. «Бізде турбиналар сутегімен суытылады. Мен сутегі мен оттегіге анализ жасап, газдың тазалығын анықтаймын. Сондай-ақ, трансформатор мен турбина майларына да талдау жүргіземін. Майдың сапасына көп нәрсе – қышқылдық, температура байланысты. Ол өрт шығуына да әсер етеді. Соны болдырмау үшін үнемі бақылап отыру қажет, – дейді Людмила. – Бүгінде біздегі қондырғылардың сапасы жақсарған. Егер бұрын температураны бақылау үшін қондырғыны бұрап, әрбір 2 градус сайын, оттық жағып тексеру қажет болған болса, қазір оның бәрін автоматтандырған арнайы құрал бар. Оны қосып қойып, басқа жұмыстармен айналыса беруіңе болады. Жұмыс жасау бүгінде біршама жеңілдеді».
Людмила Алексеевна отын бойынша лаборант боп қызмет еткен кездегі ауыр жұмыстарын да үнемі еске алып отырады: «Көмір тозаңға шейін үгітіліп барып, қазандыққа жөнелтіледі. Ал сол тозаңды біз ескі әдісше, елекпен елейтінбіз. Қысқы уақытта көп өазандық жұмыс жасайды, әрбір өазандықта екі көмір ұнтағыш бар. Оның бәрін елеп бітемін дегенше, қолдан қол қалмайды. Ал қазір елегіш машина сатып алынған, бар жұмысты өзі атқарады. Бізге қалатын міндет – отынның ылғалдығына, калориялығына анализ жасау ғана».
Людмила, сондай-ақ, бала күннен спортпен айналысып, кәсіпорынның түрлі жарыстарына қатысқан. Бүгінде өз балаларын да салауатты өмір сүруге баулып жүр.
«ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі