Бүгін Петропавл 2-ЖЭО-да Прокуратура және мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.
Әрбір қызметкерге қатысты негізгі мәселелер талқыланды:
-Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік- қызметкерлердің денсаулығын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын-алу;
-Аляқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- заңсыз схемаларды анықтау және жолын кесу шаралары;
-Еңбек құқықтарын сақтау-қызметкерлердің құқықтары, кадрлық шешімдердің заңдылығы, әлеуметтік кепілдік мәселелері.
Диалог нәтижелі болды: қызметкерлер оларды толғандыратын, сұрақтарды қойды, ал қадағалау органдарының өкілдері түсініктеме және ұсыныс берді.