Петропавл 2-ЖЭО-да қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттады. Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай 2-ПЖЭО-ның қызметкерлері үшін шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Жеңімпаздар грамоталармен және «Детский мир» дүкенінің серификатымен марапатталды. Илария Дьяченконың, Варвара Зольникованың, Варвара Киселеваның, Аделина Тюкалованың және Маргарита Мазалованың жұмыстары үздік деп танылды. Өндіріс үшін маңызды салада кәсіпорын қызметкерлері де өз білімдерін көрсетті. Қатысушылар бірнеше критерийлер бойынша сынақтан өтті: қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, олардың сақталуының маңыздылығын көрсету, ҚТ бойынша бағдарламаларды орындауға және ескертулерді жоюға, ҚТ талаптарын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу. Кандидаттарды арнайы комиссия бағалады. Оны кәсіпорын директоры, қауіпсіздік және еңбек қорғау басқармасының бастығы, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы және кәсіподақ комитетінің төрайымы құрды. Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы үздік қызметкерлер: Илгунов Геннадий Сергеевич, жөндеулерді жоспарлау және дайындау бөлімінің жетекші инженер-конструкторы; • Тарелко Виталий Витальевич, электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтер; • Бородавкин Антон Александрович, қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші; • Дедов Павел Геннадьевич, станцияның ауысым бастығы;• Чевычалов Константин Владимирович, ағаш ұста; • Кравченко Владимир Александрович, Дефектоскопист МК және УК ақауларды анықтаушы; • Поливанов Сергей Евгеньевич, жылу автоматикасы және өлшеулер цехының аға шебері; • Березин Евгений Владимирович, электр станциялардың автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі; • Чередниченко Наталья Петровна, метрология қызметі экологиялық мониторинг бойынша сынақ зертханасының инженер-химигі; • Исенов Талгат Серикович, қазандық машинисі; • Смирнов Александр Николаевич, қазандық жабдығы бойынша аралаушы-машинисі; • Черников Александр Александрович, қазандық тазалаушы. Қызметкерлерге грамоталар мен ақшадай сыйлықтар табысталды. «Бізде қауіпсіздік және еңбек қорғауға көп көңіл бөлінеді. Біз қызметкерлеріміздің ережелерді сақтауын бақылап отырамыз, өйткені адамдар Компанияның басты құндылығы. Бүртұтас және жауапты ұжым болмаса, қаланы жылумен және энергиямен қамтамасыз ету бойынша барлық процестер мүмкін емес еді»,-деп, Петропавл 2-ЖЭО-ның директоры- Дмитрий Захаров атап өтті.