Петропавл 2-ЖЭО-да облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың  қатысуымен 2024-2025 жж. жылу  маусымына   дайындық бойынша  кеңес өтті.

 «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский  облыс басшылығын кәсіпорынның жылу беру кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ететін, жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.    

Генерациялайтын жабдықты жөндеудің негізгі көлемі 2-ЖЭО жылу жүктемесін көтермейтін, жылу аралық кезеңге келеді. Қазір энергетиктердің   басты  міндеті- кесте бойынша технологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ материалдар мен қосалқы бөлшектердің уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету.

     Бекітілген кесте бойынша №1 қазандық агрегатының, №3 және №6 турбоагрегаттың күрделі жөндеуі өтуде. №9 қазандық агрегатының, №2 және №4 турбоагрегаттың  ағымдағы жөндеуі аяқталды. Сондай-ақ  №2 қазандық агрегаты, №1 турбоагрегаты қайта жаңартылып жатыр. Негізгі жабдықты  жөндеу жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.      

«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС  ағымдағы жылда инвестициялық бағдарламаны жүзеге  асыруға 856 млн.теңге бөлді. Кәсіпорын бас директорының м.а. Виталий Холошаның хабарлауынша, энергетиктер Сәтпаев к. бойы    №3 жылу магистралінің  қалған 0,3 км қайта жаңартуды аяқтауды жоспарлап отыр. Магистральдің   1,2 км учаскесіндегі жұмыстар аяқталды.        

 Ружейников к. бойы  №6 жылу магистралін қайта жаңарту  осы жылы басталды. Компания  0,4 км  құбырды ауыстыруды жоспарлауда. Тағы 1,3 км-ді   2026ж. дейін ауыстырады.  

2024  жылы №1 сорғы жабдығының ғимаратын күрделі жөндеу аяқталады,  сорғы жабдығы үшін іргетастар орнатылады, жаңа сорғылар орнатылды.  

6,4 км  магистарльдық және тарату желілерін жөндеуге, 86 дана бекіткіш арматураны, 4 сальниктік компенсаторды  ауыстыруға,  жол төсемін қалпына келтіруге, екі ғимарттың ағымдағы жөндеуіне, 3,4 км құбырлардың жалаңаш учаскелерін оқшаулауға және өзге іс-шараларға     581,7 млн. теңге  бөлінді.  

Бұдан басқа, жаңа жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар аясында және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, құбырлардың және жабдықтың ақауларын анықтау үшін  ағымдағы жылдың 10 маусымында  энергетиктер  жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына  гидравликалық сынақтар жүргізеді.   

2024 жылдың 1 қаңтарына  жылу желілерінің  тозу деңгейі  77,5% құрайтынын,  еске сала кетейік.  Магистральдық желілер    82,7%-ға,  тарату желілері  68 %-ға тозған.

 

Кеңес барысында  «Солтүстік Қазақстан  ТЭК»  АҚ бас директоры Александр Чекулаевтың хабарлауынша, 2024 жылы электр желілерін қайта жаңарту және жабдықты ішін-ара ауыстыру үшін  энергетиктер  2,8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр, оның ішінде «инвестицияның орнына тариф» бағдарлама аясында 1 млрд. теңге шамасында.      

Энергетиктер  Смирново селосындағы 110/35/10 кВ  шағын стансаны, Петропавл қаласындағы №11 110/10 кВ шағын стансаны,     облыстың  шағын стансаларындағы 110 кВ және 35 кВ  тарату қондырғыларын,  ВЛ 35-110 кВ  35,4 км  қайта жаңартуды, ВЛ 110 кВ-да найзағайдан қорғайтын сымды ауыстыруды жоспарлап отыр.   

  401 км ВЛ 0,4-110 кВ,  35 кВ  6 шағын стансаны және  10/0,4 кВ 10 шағын стансаны  жөндеуге  және өзге іс-шараларға 404 млн. теңге бөлінді. 

Су тасқынының зардаптарын жою үшін кәсіпорынға айтарлықтай жұмыс көлемін жүргізу қажет.Алдын-ала есеп-қисап бойынша желілер мен жабдықтарды қалпына келтіруге 2,7 млрд. теңгеден астам қаражат қажет.      700-ден астам тіректерді ауыстыру және  54,1 км электр желісін  қалпына келтіру қажет.  

Қазіргі таңда  «Солтүстік Қазақстан  ТЭК»  АҚ тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге, электрмен жабдықтау схемаларын қалпына келтіруге,  ЭБЖ 32,4 км салуға 565 млн. теңгеден аса қаражат бөлді.     

Қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын  15 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда.