«Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Тарату Компаниясы» АҚ қалалық электр желілер басқармасының бастығы Самат Курумбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Самат Курумбаев кәсіпорында 15жылдан астам жұмыс істейді.Электромонтер лауазымынан бастап еңбек жолын бастап, ол 2020 жылдан бастап қалалық электр желілер басқармасын басқарады.2024 жылдың көктемінде Петропавл және оның маңы жаппай су тасқыны аймағына тап болды. Самат Курумбаевтың тікелей басқаруымен "Қызылжар су" ЖШС 1-көтерілімінің сорғысына 10 киловольт электр беру желісін қалпына келтіру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ Прибрежный кентін электрмен жабдықта қалпына келтірілді. Бұдан басқа, резервтік сумен жабдықтау көзінің уақытша желілерін орнатуды үйлестірді. Су тасқыны салдарын жоюға үлес қосқаны үшін біздің әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. "Кез-келген жағдайда біз анық және үйлесімді әрекет етеміз, бұл барлық қиындықтарды жеңуге көмектесетін командалық жұмыс. Су тасқыны кзеңінде мықтылықтың тағы бір сынағы болды, бірақ біз оны бірге жеңдік. Сондықтан менің бүгінгі марапатым-бүкіл "Солтүстік Қазақстан ТЭК" АҚ ұжымның еңбегіне берлген жоғары баға" -деп, Самат Курумбаев айтты. Самат Сериковичті лайықты марапатымен құттықтаймыз!