Құрметті тұтынушылар! «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС 2024 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізуді бастайды. Сынақтардың мақсаты- келесі жылыту маусымына дайын болуға, құбырлардағы және жылу желілерінің жабдықтарындағы ақауларды анықтау. Сынақтар кезеңінде жер асты және жер үсті орындалудағы магистральдық желілер жұмыс істейтіннен 25%-ға жоғары қысымда болады. Сонымен қатар желідегі судың температурасы +40 градустан аспайды. Жұмысты жүргізу ұзақтығы - 10 күн. Яғни, Петропавл қаласын ыстық сумен жабдықтау 10 күнтізбелік күнге тоқтатылады. Сынақтар аяқталғаннан кейін анықталған ақауларды есепке ала отырып, ыстық сумен жабдықтау кезең-кезеңімен қосылады. Ақаулар анықталған кезде магистральдық желілердің учаскелері жөндеуге шығарылады, ал осы учаскелердегі тұрғын үйлерде ыстық су болмайды. «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-да құбыр өнімдерінің жеткілікті көлемі бар, қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізу үшін қызметкерлер жұмылдырылды.