Құрметті тұтынушылар!

«Солтүстік Қазақстан Электржелілік Компания» АҚ-ға Петропавл қаласы мен облыс аудандарындағы тұтынушылардан электр энергиясы мен коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді қабылдау бойынша функциялардың тапсырылуына байланысты, Halyk Bank-нің мобильді қосымшасында аталған қызметтерге ақы төлеу мүмкіндігі уақытша тоқтатылды. Банк персоналы қосымшаны орнатуда, ол қаңтардың екінші онкүндігінде аяқталатын болады.

Петропавл қаласы мен облыс аудандарының тұтынушылары үшін- төлем «СҚО БЕО (қала және аудан)» -«Төлемдер» қойындысы арқылы жүргізіледі.

Kaspi Bank мобильді қосымшасында «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бірыңғай төлем құжаты бойынша төлем Петропавл қаласы мен облыс аудандарының тұтынушылары үшін – «Петропавл БЕО (түбіртек)» -«Төлемдер» қойындысы арқылы жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.