2014 жылғы 17 ақпанда «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-нда Ауғанстаннан кеңес әскерилерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай ардагерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Ауған соғысына қатысқан энергетиктер мерейтойлық медальдардан бөлек, Басқарма Төрағасы Еділ Көпеновтың қолынан естелік сыйлықтар мен құшақ-құшақ гүлдерді сыйға алды.
Әскерилерді құрметтеу салтанатына Петропавл қаласы қорғаныс істері басқармасының бастығы Константин Рожнов пен ҚР «Ауған соғысы мен жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Виктор Старовойтенко қатысты.
Шара Ауғанстаннан аман оралмаған сарбаздары бір минут үнсіз еске алумен басталды. 1989 жылдың 15 ақпаны күні КСРО 40-армиясының соңғы бөлімі республикааумағынан шығарылды. Кеңес әскерилерін Ауғанстаннан шығару ісі 1988 жылдың 14 мамырында басталған болатын. Кеңес сарбаздары республика аумағында 1979-1989 жылдар аралығында барлығы 9 жыл, 1 ай және 19 күн болды.
Ауғанстанда 22 мың 269 отандасымыз әскери ұрыс шараларына қатысқан болса, солардың 1,5 мыңы – солтүстік қазақстандықтар. Еліміздің 86 азаматы ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағы Батыры атағын иеленген. Ал 46 солтүстік қазақстандық азамат өз отбасылары мен аналарына оралмады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындар тобында бүгінде Ауған соғысының қатысушылары да қызмет ететіні біз үшін үлкен қуаныш. Сіздердің бәріңіз – өз істеріңіздің кәсіби мамандарысыздар. Сол ауыртпалығы мол оқиғаларды, қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеріп, бүгінде Қазақстан халқының игілігі үшін бейбіт жолда қызмет етіп жатырсыздар. Біздің құрметіміз, сыйластығымыз, соғыс кезінде ерлік, жауапкершілік, беріктік танытқандарыңыз үшін риясыз алғысымыз – Сіздерге арналған марапаттың бастысы. Біз бүгінде ел игілігіне айналған бейбітшілік пен татулық жолындағы ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздерге, туыстарыңыз бен жақындарыңызға денсаулық, бақыт, қуаныш және сәттілік тілейміз», – деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасы Еділ Көпенов.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындар тобында Ауған соғысының 12 ардагері қызмет етеді. Бұл күні петропавлдық Игорь Страшко, Иван Подлепаев, Геннадий Каргаполов, Александр Азегов, Сергей Жолудев, Александр Валевич және Игорь Козленкоға салтанатты түрде марапат тапсырылса, өзге ардагерлер жұмыс орнына қарай, облыс аудандарында марапатталды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі