Өйткені кейбір тұтынушыларда қазан айына бірыңғай төлем құжатын алғаннан кейін есептеулер бойынша сұрақтар пайда болды, «Севказэнергосбыт» ЖШС түсініктеме береді.

Көбінесе тұтынушылар жалпы есептеу сомасын көріп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Компаниялар тобының қызметі үшін ғана шот алынды деп, қате ойлайды. Бірыңғай төлем құжаты (бұдан әрі-БТҚ)- әртүрлі коммуналдық қызметтер (су пайдалану/газбен жабдықтау/телефония және басқа қызметтер) үшін есептеулер көрсетілген құжат, бұл тұтынушыға бірыңғай төлем құжаты бойынша барлық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ барлық есептеулер мен төлемдерді бақылуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ БТҚ-да барлық коммуналдық қызметтер үшін берешек сомасы және артық төлемдер көрсетіледі. Есептеулер мен төлемдер бойынша мәселелер туындаған кезде тұтынушыларға қызмет жеткізушіге жүгіну керек.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, табиғи монополия субъектісі жылына бір рет тарифтерді өзгертуге өтінім беруге құқылы.

Электр энергиясына тарифтер өзгерген жоқ. Электр энериясы үшін қолданыстағы тарифтер «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ келісілген және 2024 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Жылу энергиясы үшін тарифтер 2024ж.23.09. бастап қолданысқа енгізіле отырып, уәкілетті органмен бекітілді.

Жылу энергиясына тарифті өзгерту үшін негіздеме стратегиялық тауар-көмір құнының артуы болды, бұл жылу энергиясының өзінідік құнының қымбаттауына, сондай-ақ қызметкерлердің орташа жалақысын арттыру қажеттілігіне әкелді.Осыған байланысты, 2024ж.23.09. бастап қолданысқа енгізіле отырып, тарифтер уәкілетті органмен бекітілді.

Сонымен қатар тұрғындар үшін жылу энергиясына тарифтер 10,9%-ды, басқа тұтынушылар үшін – 2,9%-ды құрайды.

Сол себептен, жылу үшін есептеу, мысалға, жалпы үйлік есептеу аспабының (бұдан әрі-ЖҮЕА) жоғында,1 бөлмелі пәтер бойынша шамамен 4 980 теңгені құрайды, бұрын есептеу 4 491 теңгені құраған, яғни 489 теңгеге артық. (10,9%). ЖҮЕА болғанда есептеу есептегіш көрсеткіштеріне байланысты. 2023-2024жж. жылыту маусымында ЖҮЕА-дан 1м2 үшін орташа тариф 102,12 теңгені, сол кезде ЖҮЕА-сыз тұрғындар үшін 1 м2 үшін 149,71 теңгені құрады.

Анықтама:

«Севказэнергосбыт» ЖШС және Байланыс-орталығында +7 (7152) 500-666 нөмірі бойынша кеңес алудан басқа, жылу -және электрмен жабдықтау үшін есептеулер мәселесі бойынша тұтынушы өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта «Кері байланыс» бөлімінде (мұнда тіркеу талап етілмейді) немесе «Жеке кабинет» бөлімінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ www.sevkazenergo.kz сайтында өтнішке қажетті құжаттарды қоса отырып, өтініш қалдыра алады

Сайтта жылу -және электрмен жабдықтау мәселелері бойынша, с.қ. БТҚ-да ТАӘ өзгерту, тұрғындар саны, электр энергиясы тарифі және басқа мәселелерге қатысты кез-келген өтініш қалдыруға болады.

«Жеке кабинет» бөлімінде тұтынушы берешекпен, жүргізілген төлемдермен, есептегіш аспаптардың көрсетікштерімен таныса алады. Мұнда жылу және электр энергиясы бойынша тарифтік калькулятордың көмегі арқылы жаслағн есептеулерді тексеруге болады.